Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолданыстағы ережеге өзгерту енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

Қолданыстағы ережеге өзгерту енгізілді

Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерліктің жағдайын жақсартуды жетілдіру аясында Энергетика министрлігі биылғы жылдың ақпан айында электр энергиясын пайдалану ережесіне түзету енгізді.

Енгізілген өзгертуге сәйкес, электрмен қамтамасыз ету жүйесіне тұтынушыларды қосу жұмысы қысқартылды. Атап айтқанда, жеке тұлға энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың электрмен қамтамасыз ету келісіміне қол қоймайтын болды. Электр жүйелеріне қосылуға техникалық құжат алу үшін құжаттар саны қысқартылды. Сондай-ақ, тұтынушы тарапынан электрмен қамтамасыз ету ережесі бұзылғаны анықталған кезде қайта есептеу жағдайы қарастырылды. Тұтынушының электр қондырғысына электр энергиясын беру механизмі қысқартылды. Энергия беретін және энергиямен қамтамасыз ететін ұйымдардың бірлесе жұмыс істеуі арқылы тұтынушы және энергиямен қамтамасыз ететін кәсіпорындар арасындағы қағаз түріндегі құжат айналымы азайды.
Энергетика министрлігі тұрақты негізде қолданыстағы заңдарға, тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосу механизмін қысқарту мүмкіндігі бағытында заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актіге талдау жүргізеді. 2015 жылдан бастап техникалық құжаттар беру мерзімі қысқартылды. Электр энергетикасы саласында мемлекеттік органдар мен сәулет және қала құрылысының рұқсаты, энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі тәрізді өзге де бірқатар үрдістер алып тасталды.
Электр жүйелерінің көп бөлігі осы сала монополистерінің қолында. Тұтынушылардың өзге электр көзі жоқ. Осыған байланысты департамент өңір азаматтарын шыдамды болуға шақырады. Заң бұзушылық жөнінде департаментке хабарлау қажет. Барлық арыз-шағым мен өтініш уақытында әрі жан-жақты қаралады. Электр энергиясы сапасының тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейін және өз жүйесіне жаңа тұтынушыларды қосу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын энергия беретін кәсіпорындарының сақтауын анықтайтын тұтынушылардың сауал беті Энергетика министрлігі мен атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің интернет-ресурстарда орналастырылған. Сауал бетіне сондай-ақ, бұл механизмді жетілдіру бо-йынша өз ұсынысын қалдыруға болады. Сөйтіп, әркім саланың дамуы мен үрдістің қысқартылуына өз үлесін қоса алады.
Жасұлан ҚАСЕНОВ,
атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облыстық
аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар