Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кейбір оқулықтардың сын көтермейтіндігі бар - АРҚА АЖАРЫ

Кейбір оқулықтардың сын көтермейтіндігі бар

Аманай СЕЙІТҚАСЫМОВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сапасыз оқулық дайындайтындардың жауапкершілігін заңнамалық түрде бекіту мәселесіне назар аударды.
Барлық өңірлер онлайн форматта қатысқан отырыста «Елімізде оқулықтардың сапасы туралы мәселесі жиі көтеріледі. Білім сапасы айналып келгенде оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сол себепті ғылыми-практикалық сараптамаға қойылатын талапты едәуір арттырып, оқулықтардың апробациясын түпкілікті түрде көтеру керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті оны басымдыққа ие тапсырма деп айтар едім», – деді Мемлекет басшысы.
Біздің көптеген ғалымдарымыз республикалық әдістемелік орталықтардың мүшесі. Солар арқылы оқулықтар, монографиялар шығып жатады. Жоғары оқу орны болғаннан кейін доктор, профессорларды жинаймыз, солардың пікірлерімен санаса отырып, тақырыптың өзектілігін анықтаймыз. Содан кейін ол ғылыми кеңесте талқыланып, баспаға ұсынылады. Яғни, жарияланатын басылым қазіргі замандағы сұранысқа жауап бере ала ма, сол жағы мұқият қаралады. Оқулық болған соң ол сапалы, деңгейі жоғары болуы керек.
Өкінішке орай, менің тарихшы маман ретінде айтарым, әркім өзінің тарихын жазған кітаптар көбейіп кетті. Олардың бәрі бірдей сапалы емес. Жалпы, кітап жазғанда тарихты тарихшы, әдебиетті әдебиетші мамандар жазғаны дұрыс. Ал, қазір кімнің жағдайы бар, солар кітап шығарып, түптеп келгенде тарихты бұрмалаушылыққа жол берілуде. Қандай кітап шықса да мұқият талқылаудан өтуі керек. Бұл енді, өте бір толғандырарлық тақырып. Сол қателіктерге тоқтау болса деген тұста, Мемлекет басшысының Қазақстанда қазіргі таңда оқулықтардың сапасы өте нашар екенін мәлім еткені құптарлық та қуанарлық жайт.
Мен өзім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық анықтамалық кеңестің мүшесімін. Онда көптеген зиялы қауым өкілдері бар. Жазушы-журналистер, аудармашылар, ақындар, басқа да мамандар қамтылған. Сондықтан, менің айтарым, сапасыз басылымдар жарияланбас үшін кітап шығаратын орталықтардан да қадағалаулар керек-ақ. Міне, Президентіміз де заңнамалық түрде сол оқулықтарды жазатын адамдардың жауапкершілігін бекітуді тапсырды. Демек, ата-бабаң немесе жекжат-туысың туралы сапасыз кітап шығардың ба, ол оқуға жарамай қалды ма, оны жазған адам жауапкершілігін өзі көтеруі керек. Басқаша болмайтынын Мемлекет басшысының қадап айтқаны сапалы кітап шығару тұрғысында игілікті іс болмақ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар