Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашаққа нық қадам деп білеміз - АРҚА АЖАРЫ

Болашаққа нық қадам деп білеміз

Сәуле ЖҮНІСОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды.
«Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагогтар мәртебесі туралы» заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ, іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек», – деді Президент.
Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. «Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті, экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылым саласына 7 есе өсетінін ескерген жөн», – деді Қ.Тоқаев.
Шынында да, дамыған елдермен тереземіз тең болу үшін, білім мен ғылымды барынша меңгеруіміз қажет. Бұл тек біздің ғана емес, заманның да басты талабы. Қазіргі таңда ұстаздар көп ізденеді, көбірек білуге тырысады. Себебі, заманауи технологиялардың дамыған заманында оқушылардың білімі терең екендігін айта кетуіміз керек. Шәкірт алдында күмілжіп тұру қай ұстазға болсын – ұят дүние. Сондықтан, оқытушылар әрдайым ізденіс үстінде. Өзінің пәнін жетік білуге, сабақты жоғарғы деңгейде өткізуге, көрнекілік пен қосымша құралдарды мейлінше көбірек пайдалануға тырысады. Ұстаздардың біліктілігін көтеру мәселесі мемлекет тарапынан кең қолдауға ие. Біз мұны Президент мәлімдемесінен анық аңғардық. Алдағы уақытта еліміздің дамуында маңызы зор білім саласына ақмолалық педагогтар зор үлесін қоса береді деген сенімдемін. Ел Президенті атап көрсеткен мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары тәуелсіз Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі болады деп ойлаймын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар