Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Індеттің одан әрі таралмауына күш салынуда - АРҚА АЖАРЫ

Індеттің одан әрі таралмауына күш салынуда

Шортанды ауданында Сovid-19 коронавирус індетінің алдын алу және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмысы одан әрі жалғасуда.

Ауданда осы жұқпалы ауруға қарсы жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Ол аудан аумағында коронавирус індетіне жол бермеу жоспарына және күдіктілер анықталған жағдайда дереу хабарлау сызбасына сәйкес жұмыс істейді. Осындай қауіп туындаған кезде ауданның барлық қызметтері мен медициналық мекемелерінің іс-қимыл реті пысықталған. Ақмола облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ауруханаға жатқызылған науқастар мен медициналық бақылау нәтижелері бойынша күнделікті мәлімет беріліп тұрады. Қытай мен өзге ТМД елдерінен келгендерге қатаң бақылау жүргізілуде.
Аудандық ауруханада карантиндік режим енгізілген. Коронавирус індетіне күдікті пациенттерге арналған 4 оқшаулау орны емхананың күндізгі стационарының негізінде дайындалған, жеке кіру есігі бар. Ол дене қызуын анықтау пирометрімен қамтамасыз етілген. КВИ-ге күдіктілерге жауапты болып дәрігер Г.К.Ахмедьянова тағайындалды. Тәулік бойы құрамында 4 медицина қызметкері бар медициналық бекет қамтамасыз етілді.
Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Ақмола облысының аумағында карантин режимін жүргізу туралы» қаулысына сәйкес Шортанды ауданында 1 блок бекетте аудандық аурухана қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды, барлық тұлғалардың мекен-жайы мен тұратын жерін анықтау және сұрастыруды жүзеге асыратын термометриясы бар санитарлық-карантиндік бақылау жұмысына орта медициналық қызметкерлер тартылды. Осы мақаланы пайдалана отырып, ауа райы жағдайына қарамастан, блок бекетте күндіз-түні жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді.
Бүгінгі күні медициналық ұйымдар қажетті мөлшерде медициналық бетпердемен, қолғаппен, қорғаныс костюмдерімен, дәрі-дәрмекпен және антисептиктермен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 1-26 сәуірінде басқармаға 2 оң COVID-19 талдау нәтижелері түсті. Екі жағдай да Бозайғыр ауылдық округінде тіркелді. Біреуі 2018 жылы туған бала, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Екіншісі осы қаладағы «ННЦОТ», яғни, трансплантология және онкология институтының медицина қызметкері болып жұмыс істейтін 1990 жылы туған адам. Оларды госпитальға тасымалдау, ауру ошағын дезинфекциялық өңдеу, санитарлық-эпидемиологиялық тексеру және жақын адамдарын анықтау жұмысы жүргізілді. Тексере келгенде, бұл індет байланыста болған адамдарға жұқпаған. Медицина қызметкерлері мен эпидемиологтардың арасында барлық шаралар уақытылы әрі кәсіби түрде жүргізілді деп айтуға болады. 2018 жылы туған бала сауықты. Ата-аналары үшін мұның өзі үлкен қуаныш. Дегенмен, онымен бірге болған адамдар мен туған-туысқандарының ауырмауы үшін көптеген жұмыс істелді.
Індеттің алдын алу үшін тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мобильдік топ біздің басқарма мамандарының қатысуымен күн сайын дүкендерге рейд жүргізеді. Дезинфекциялық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін азық-түлік дүкендерінің иелеріне жаңа буындағы дезинфекциялық құралдарды пайдалану және ылғалды өңдеуге арналған дезинфекциялық жабдықтарды қолдану тұрғысында 368 хат тапсырылды. Санитарлық талаптарды сақтау бойынша кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Қарастырылып жатқан осындай іс-шаралардың арқасында қауіпті дерт көрініс бере қоймайды ғой деген сенім бар.
Қанат ТӨЛЕУҒАЗИН,
аудандық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы.

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар