Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағылымды әңгіме - АРҚА АЖАРЫ

Тағылымды әңгіме

Арым жанымның садағасы…

«Малым жанымның, жаным арымның садағасы» дейтін қазақы түсінік бүгінде көп адамдар үшін түсініксіздеу болып көрінетіні рас. Қазіргі ақша билеген нарық заманының түсінігінде «тәнді де, жанды да, арды да ақшаға сатуға болады, тек мәселе оның бағасында» дегенге саяды. Бірақ та, «бес саусақ бірдей емес» дегендей, ақшаға табынатын нарық заманында да адамдық бет-бейнесін сақтап, арын жоғары ұстайтын азаматтар болған және қазір де бар.

Ондай адамдарды әдетте халық хандай құрметтеп, есімін ауыздан ауызға айтып, естерінде сақтайды. Біз тілге тиек еткелі отырған өткен ғасырда АҚШ-та өмір кешкен Фиорелла Ла Гуардиа да сондай ар туын биік ұстаған азамат болыпты.
…1935 жылы Нью-Иорк қаласындағы нан сататын дүкеннің иесі бір қаусаған кемпірді «екі бөлке нан ұрлады» деп сотқа береді. Кемпір сотта нұры сөнген көзінен жас ағыза тұрып, жалғыз қызының күйеуі өліп, үйіне қайтып келгенін жəне де соңғы уақыттары жұмыс істеуге шамасы келмей, төсек тартып ауырып жатқанын, ал, немерелерінің əлі кішкентай екенін, міне, соларды тамақтандыру үшін нан ұрлағанын айтып, ақталып зар жылайды. Бірақ та, тас жүрек дүкен иесі дегенінен қайтпай, ұрлықтың қылмыс екенін жəне оның жазалануы керек екенін айтып, арызын қайтарып алмай қойыпты. Сот басталған кезден-ақ дегбірі қашып, жүрегі ауырып отырған Фиорелла Ла Гуардиа есімді сот төрағасы амалсыздан: –Мен сізге «қылмыс жасағаныңыз үшін» 1 доллар көлемінде айыппұл саламын деп үкім шығарады да, қалтасынан 1 доллар алып кемпірге: –Мынаны кассаға апарып өткізіңіз дейді.
Содан кейін орнынан тұрып сотты тамашалап отырған адамдарға қарап: «Мен сіздерді жəне өзімді де осы секілді қарттарды сорлатып, нан ұрлату дəрежесіне дейін түсіріп жіберген қалада тұрып жатқанымыз үшін жауапқа тартып, 10 доллар көлемінде айыппұл саламын» дейді. Судьяның сөзі қатып қалған жүректерді жібітіп, ақша үшін осыншама ар ұялар қылық жасаған дүкеншінің әрекетін өздері жасағандай қымсындырған күйге түсіреді. Жиналғандардың бәрі сот шешімін бір ауыздан құп алып, сол арада қалталарынан ақшаларын шығарып беріпті. Нəтижесінде 800 доллардай ақшаны жинап алған сот орындаушысы Фиорелланың нұсқауымен, жиналған қаржыны манағы нан ұрлаған кемпірдің қолына ұстатқан дейді…
Арын жанынан да, малынан да жоғары қойған судья Фиорелла уақыт өте келе, Нью-Иорк қаласының мэрі болып тағайындалады. Ол қай жерде, қандай жауапты қызмет атқарса да, әрдайым арын жоғары ұстап, соның арқасында айналасындағыларға сүйкімді болған деседі. Ол кісінің атында бүгінде АҚШ елінде көптеген көшелер, мектептер жəне бір əуежай бар…
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар