Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - АРҚА АЖАРЫ

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Туған ауылына көмегі үшін атылып кеткен

Менің атам Аябек Төлебаев 1937 жылы аудандық мал өнімдерін дайындау мекемесінде қызмет істеп жүрген жерінен аштыққа ұшыраған Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылорда ауданына қарасты туған ауылының адамдарына көмек бергені үшін НКВД-ның қаһарына ілігіп, үштіктің үкімімен ату жазасына кесіліп кете барады. Төмендегі өлең халыққа шарапатымды тигіземін деп жазықсыздан жазықсыз өмірі қиылған аяулы атама деген перзенттік парызым мен сағынышымнан туып еді.

Алашым менің қырылды,
Қуғын-сүргін кезінде.
Соның таттым зардабын,
«Атам» деп менің өзім де.

Қыс айында ойып мұз,
Балық аулап таратқан.
Түтін шықпаса үйінен,
Тіршілігін оралтқан.

Жүз қой берген уақытша,
Аштықтан аман қалсын деп.
Тым болмаса сүтін ішіп,
Төлін соның алсын деп.

Сол да көп боп үштікке,
Берген ату жазасын.
Халық жауына теліп,
Бір елдің бел баласын.

Содан кетті мәңгілік,
Оралмады жан атам.
Жауыздыққа қалай мен,
Ашынбастан сөз айтам.

Ойлағаны сондағы,
Көптің қамы еді ғой.
«Ашықпасын ауылым,
Бұл аштықтан» деді ғой.

Шүкір елім ерін де,
Мәңгі есте сақтады.
Көше беріп атына,
Қойды мәрмәр тақтаны.

Бірақ, жанды өксітер,
Запыраны заманның.
Тілеймін мен еліме,
Мал-жанының аманын!

Нұрсұлу Аябекова.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар