Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білімді ел озық болады - АРҚА АЖАРЫ

Білімді ел озық болады

Жеңіс БӨДЕШОВ,
Ерейментау ауданындағы Торғай орта мектебінің директоры.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық кеңестің онлайн форматта өткен үшінші отырысында жаңа ахуал білім және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отырғанын айтты.

Енді бұл саланың маңызы арта түсіп, экономиканың өзі осыған тәуелді болмақшы. Білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінгеніміз жөн. Өйткені, бүкіл мемлекеттік саясат осыған сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы еліміздің білім саласына бөлінетін қаржысы жеткіліксіз екенін, осының салдарынан білім беру сапасы мен инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын жеткізді. Сапалы білім алу үшін мектептер жақсы жабдықталып, сыныптағы оқушылар санының көп болмағаны қажет. Мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай 650 орындық және одан да көп оқушыға арналған 800 жаңа мектеп, ауылдардағы тірек мектептер үшін 114 интернат, 700-ден астам спорт залдары салынатыны көңілге қонады. Президент өз сөзінде қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөнінде айтты. Сондай-ақ, білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажеттігі назардан тыс қалмады.
Мемлекет басшысының шешімі бойынша 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару және оларды қаржыландыру облыстық деңгейге өтеді. Соңғы уақытта оқу орындарының басшыларын тағайындау тәртібі жөнінде мәселе жиі қозғалуда. Осы орайда, Үкімет балабақша меңгерушілерін, мектептер мен колледждердің директорларын тағайындаудың түсінікті әрі ашық жаңа жүйесін әзірлейтін болды. Директорларды алмастыру және аттестациялау институтын енгізу ісі де басқарудың тиімділігін арттыратынына сенімдімін. Педагогика мамандықтарына тусуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру да орынды. Бұл мамандықты тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақының 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттырылатыны, алдағы 5 жылдың ішінде кемінде 90 мың жатақхана салынатындығы көңілге қуаныш ұялатады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар