Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салмақты сөз сенімді күшейтеді - АРҚА АЖАРЫ

Салмақты сөз сенімді күшейтеді

Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мемлекетімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгеніне екі айға жуық мерзім өтті. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытынды отырысы өтіп, Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің аяқталғаны туралы мәлімдеді.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 5 мыңнан аса азамат дерттен емделіп жатыр. Әрине, індеттің алдын алу бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған жағдайда бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін еді. 11 мамырға дейін созылған төтенше жағдай режимі бойынша Президенттіміздің Үндеуін барша жұрт болып күтіп жүрдік. Баршамызды мазалап жүрген сұрақтар карантиндік шектеулер мен алдағы уақытта қандай шаралар қабылданады екен деген уайым ғой.
Мемлекет басшысының қорытынды отырыстағы баяндамасын қуанышпен қабыл алдым. Себебі, Президентіміз қазіргі уақыттағы өзекті мәселелерді көтеріп, бізді мазалай түскен бірнеше сұрақтар бойынша қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндап берді. Сонымен бірге, жағдайдың қаншалықты өзгеруіне қарамастан, жедел шешім қабылдай алатын мемлекеттік аппараттың қажет екенін атап өтті. Бұл дегеніміз еліміздің даму жолында жаңа бағыттағы қадамдар жасалады деген сөз. Енді ағымдағы жылы жинақтаған тәжірибенің арқасында болашақта осындай індеттердің халқымыз үшін қауіп туғызбай, жеңіл деңгейде өтетініне сенемін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар