Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үндеу - АРҚА АЖАРЫ

Үндеу

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаетың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі

Құрметті ақмолалықтар!
Біздің еліміз өз тәуелсіздігін алғанннан кейін, яғни 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданып,одан кейін 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленіп, жыл сайын аталып келеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай барлық қазақстандықтарға арнаған Үндеуінде «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең» екендігін атап көрсетті.
Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға үлкен террордың жасалып, ол орасан зор қасірет әкелгені тарихи ақиқат. Осы бір зұлмат жылдары Қазақстанға, соның ішінде біздің Ақмола облысына да Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен жазықсыз жандар отбастарымен жер аударылды. Сол қасіретті кезеңде жер аударылғандарға біздің халқымыз үлкен қамқорлық жасап, өздерінің де қиын жағдайларына қарамастан паналатып, бір үзім нанымен бөліскен еді. Қазіргі уақытта сол жер аударылғандардың ұрпақтары біздің өңірде мекендеп, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып отыр. Олар өздеріне қазақ халқының жасаған жақсылықтарын ұмытпайды, үнемі алғыс айтып келеді.
Саяси қуғын-сүргіннің қасіретінің бір ескерткіші Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері («АЛЖИР») біздің облыстың Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында орналасқан. Кеңес Одағының өз халқына жасаған қатыгездігі мен жауыздығының қара таңбасындай бұл ескерткіш кешеннің экспонаттары көрген жанның жүрегін әлі де ауыртады, көзге жас алғызады. «АЛЖИР»-де саяси тұтқындардың жақын туыстары, әйелдері мен балалары қамалып, қасірет тартты. Сол лагерьдің маңындағы қазақтар қой жая жүріп, биік қоршаудың ар жағында жүрген тұтқын әйелдер мен балаларға құрт лақтырып, қайткенде де олардың жүрек жалғап, аштан өлмеулеулеріне септіктерін тигізгендіктері жайында дастандар да жазылды.
Біз тарихтың өткен қасіретті кезеңдерінен сабақ ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның одан әрі демократиялық және құқықтық мемлекет болып нығая түсуіне, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтауға міндеттіміз. Тәуелсіз еліміздің бірлігі мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайту баршамыздың ортақ парызымыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар