Көкшетауда қараусыз қалған үйдің ішінен 3 жасар бала табылып, әжесіне қайтарылды.
Облысымызда жазғы маусымда суға шомылу кезінде орын алатын қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын түсіндіру рейдтері өткізілуде. Облыс орталығында жүргізілген осындай рейд барысында Көкшетау қалалық құтқару бөлімшесінің басшысы Роман Шевченко және бас құтқарушысы Ерлан Жапаров Қопа көлінің жағасына жақын маңдағы Набережный көшесінің бойында қараусыз қалған тұрғын үйдің ішінен 2017 жылғы ұл баланы тапты. Бала есімін және үйінің мекен-жайын білмеген.
Құтқарушылар баланың ата-анасы мен тұратын үйін анықтау үшін сол маңдағы үйлердің аулаларын аралып шықты. Нәтижесінде баланың әжесі табылды. Әжесінің айтуынша, баланың анасы азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен, ал, әжесі ойнап жүрген баланың ауладан қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.