Облысымызда бизнес саласындағы қайырымды жандар коронавирус пандемиясымен күресуде мұқтаж жандарға қол ұшын созуда.
Қайырымдылық акциясы шеңберінде халықаралық Kusto Group компаниясы облысымызда 3 000 отбасына, 400 соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері және олармен теңестірілгендерге көмек көрсетті. Азық-түлікті бірінші кезекте Аршалы, Ақкөл, Бурабай, Зеренді, Целиноград, Біржан сал аудандарындағы және Көкшетау қаласындағы көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар мен халықтың осал топтары алды. Оны әкімдік қызметкерлері мен волонтерлік ұйымдар жеткізіп берді. Сонымен қатар, компания аталмыш инфекциямен күресуде медицина қызметкерлерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұдан бөлек, кәсіпорын «Астананың қайырымды жандары клубы» және 100 белсенді азаматтың қолдауымен Ақмола облысындағы 28 елді-мекенге 1664 азық-түлік пакетін жөнелтті. Акция барысында инфекция жұқтыру қауіпі мол қарттар да назардан тыс қалған жоқ. Оның ішінде компания Целиноград ауданындағы «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесі, Сандықтау ауданының Шаңтөбе кентіндегі медициналық-әлеуметтік мекемесіне де көмек көрсетті.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.