Облысымызда жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін грант беріле бастады. Бүгінгі күні «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 35 адам грант алды.
Бұл жобаға жұмыссыз жүргендер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар және шағын қалаларда, ауылдық жерлерде тұратындар қатыса алады. Жобаға қатысу үшін «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқудан өткендігі туралы сертификатының болуы тиіс. Жыл соңына дейін кәсіпкерлік негізі бойынша 1363 адамды оқыту жоспарланған.
Соның бірі – Шортанды ауданының тұрғыны Әзиз Махмед. Ол 2019 жылы кәсіпкерлік негізі бойынша білім алып, «Еңбек» тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша автожуу құрылысы үшін 4 миллион теңге шағын несие алып, көлік жуу станциясын ашқан.
Қазіргі кезде облыс бойынша 51 адам шағын несие алған, жыл соңына дейін тағы 750 адамға беру жоспарланған.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.