Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
МАУСЫМ БАСТАЛДЫ! АУА РАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ? - АРҚА АЖАРЫ

МАУСЫМ БАСТАЛДЫ! АУА РАЙЫ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ?

Маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы – күн күркіреп, екпінді желмен өткінші жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі.
Бірінші онкүндіктің ортасында Қазақстанның солтүстік жартысында, кезеңнің соңында шығысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ыстықтың бірінші онкүндіктің ортасында – түнде +17+25°С-дан 12+17°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-тан +30+35°С-қа дейін бәсеңдеуі күтіледі. Осыған ұқсас төмендеу айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.
Республиканың батысында ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +30+38°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуымен жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынмен және найзағаймен салқын ауа райына ауысады.
Алдағы уақытта жылудың шыңы республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде айдың ортасында ауа температурасы түнде + 17 + 28°С, күндіз + 36 + 43°Сболады деп күтілуде.
Солтүстік-шығыс жартысында — екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +15+20°С, күндіз +33+39°С болады.
Бір ай ішінде орташа ауа температурасы ҚР-ның басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары,
Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде.
Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, ҚР оңтүстік-батыс жартысында нормадан төмен болады деп болжануда

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар