Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төмен пайызбен кімдер баспана ала алады - АРҚА АЖАРЫ

Төмен пайызбен кімдер баспана ала алады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәдлімдеуі бойынша отбасының әр мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыстың мөлшері үш күнкөріс шегінен аспаса, онда «5-10-20» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады.
Бұл туралы Атамқұлов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Оның сөзінше, баспана азаматтар санаты бойынша емес, әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысқа байланысты беріледі.
Ең алдымен, айлығы төмен адамдар жайлы айтсақ, егер отбасының әр мүшесіне санағанда ай сайынғы табыс 1 күнкөріс шегі немесе 31,2 мың теңгеден аспаса, онда арендалық пәтер ұсынылады.
Отбасының әрбір мүшесіне шаққанда кіріс 2 күнкөріс шегі немесе 62,4 мың теңгені құраса, онда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жылдық 2 пайызбен ипотека берілетіні белгілі болды. Мұндай азаматтар «2-10-20» бағдарламасына қатыса алады.
«Әр отбасы мүшесіне шаққанда ай сайынғы табыс 3 күнкөріс шегін, 96 мың 700 теңгені құраса, баспана жаңа «5-10-20» бағдарламасы бойынша ұсынылады», – деді Атамқұлов.
Ал кірісі әр отбасы мүшесіне санағанда үш және одан жоғары күнкөріс шегінен асса, онда екінші деңгейдегі банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасына қатысып, баспаналы болуға мүмкіндік бар.
Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар