Өткен жылдың 8 желтоқсанында «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Бұл Заң «Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» өзгертулер мен толықтырулар енгізді.
Енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, барлық заңды тұлғалар тіркеуге ұсынатын құжаттар пакеті қысқартылды. Енді 3 құжаттың орнына екеуі ұсынылатын болды. Заңды тұлғаларды тіркеу үшін қаржылай қызмет көрсететін Ұлттық Банктің рұқсаты талап етілмейтін болды. Тіркеу органы бұл мәліметті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен ала алады. Шетелдіктер қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңды тұлғалар үшін сауда тізілімінен алынған құжаттың орнына оның көшірмесі ұсынылады.
Тіркеудің, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысы жоқ заңды тұлғаларды сондай-ақ, типтік емес, жарғы негізінде жұмыс істейтін акционерлік қоғамды қайта тіркеудің мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Тіркеуші орган заңды тұлға жөніндегі жарғы көшірмесін бір жұмыс күнінің ішінде береді. Коммерциялық заңды тұлғаны мемлекеттік қайтадан тіркеу, оның филиалдарын есептік қайтадан тіркеу өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі. Ал идентификациялық нөмірі жоқ коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, шетелдіктер қатысатын оның филиалдарын есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейін келесі бір жұмыс күні жүзеге асады. Жоғарыда аталған заңмен мемлекеттік тіркемеу және заңды тұлғаларды, филиалдарды қайта тіркемеу негізі толықтырылған. Заңды тұлғаны тіркеу үшін басшы мен құрылтайшының жұмысқа қабілеті болуы тиіс. Жұмыста жоқтар немесе о дүниелік болғандар, Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмысын өтемегендер, атқарылатын өндіріс бойынша қарызы барлар есепке алынбайды.
Басшы немесе құрылтайшы бойынша мәліметті автоматты түрде тексерген кезде аударылған негізінің бірі анықталғанда тіркеуші орган тіркемеуге заңды құқы бар. Сондықтан, заңды тұлға өтінішті тіркеуге бермегенге дейінгі нақты кезді қайтадан қараулары қажет. Сондай-ақ, Заң «Заңды тұлға мен филиалдың өзге мәліметі және тіркеудегі өзгертулер мен толықтырулар тәртібін белгілейтін» жаңа 14-2 бабымен толықтырылған. Мұнда ескерту тәртібінде енгізілетін өзгертулер мен толықтырудың түрлері, құжаттар тізімі және оны орындаудың мерзімі көрсетілген. Заңды тұлға мен филиалды тіркеудегі өзгертулер мен толықтырулар, өзге де мәліметтер ескерту тәртібінде электрондық мәлімет берілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде енгізіледі. Заңды тұлғаны тарату кезінде қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгертулерде құжаттар тізімі бойынша тарату жөнінде «Заң газетіне» хабарландыру берілмейтін болды. Бүгінгі күні заңды тұлғаны тарату жөніндегі хабарландыру мен кредиторға қарсы өтінішті Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз құралдарында жариялауға болады. Жоғарыда аталған сөздер заңды тұлғаны тіркеу жұмысын қысқартуға және Дүниежүзілік экономикалық форумы бәсекелестігінің ауқымды индексі рейтингісінде Қазақстанның ұстанымын арттыруға бағытталған.
Жанат ЖАКУЛИНА,
Ақмола облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы.