Атбасарлықтар 20 тонна азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген гуманитарлық жүкті Түркістан облысының су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына жөнелтті.
– 2014 және 2017 жылдары су тасқынынан зардап шеккен Атбасар тұрғындары қиындыққа тап болған мақтааралдықтардың жағдайын жақсы түсінеді. Ел басына күн туған шақта қазақ халқы ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында барлық қиындықтарды жеңе білген, – дейді Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаев.
Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, бұл атбасарлықтардың су тасқынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына жіберіп жатқан гуманитарлық көмегінің екінші легі. Алғашында 25 тонна ұн жөнелтілген болатын.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.