Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150 - АРҚА АЖАРЫ

Әбу Насыр Әл-Фараби – 1150

Әл-Фарабидің медицина саласы туралы трактаттары

Өз заманының ұлы тұлғасы ғұлама ғалым Әбунәсір Әл-Фараби ғылымның барлық дерлік салаларын зерттеп, соңында мол мұра қалдырған данышпан. Әл-Фараби бабамыздың медицина ғылымына үлкен мән беріп, бұл саланы жан-жақты зерттеп, бірқатар трактаттарын қалдырғаны мәлім. Әл-Фарабидің «Адам ағзалары жайлы», «Жануарлар ағзалары», «Темпераменттер туралы», тағы да басқа медицина саласындағы трактаттары әлі күнге дейін маңызын жоймай келеді.

Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол медицинаны тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын қарастыруға, ауруды жою шараларын іздеуге мән беретін ғылым ретінде танытты. Әл-Фарабидің медицинаға көп көңіл бөлгендігі соншалық, адам ағзасының әрбір мүшелерін зерттегенін кейбір еңбектерінде айшықтап көрсеткен. Оның адам ағзаларын егжей-тегжейлі жетік білетіндігі қайран қалдырады. Қазіргідей медицина саласы дамымаған және ауруларды емдейтін кәсіби емші мамандар жоқ сол заманда бұл саланы жетік білетін жандар жоқтың қасы болатын. Ал емші болуға ниеттенгендер үшін Әл-Фараби бабамыздың осы салада жазған еңбектері таптырмас құрал болғаны анық. Өйткені, ғұлама еңбектерінде адам ағзаларының қызметі мен ерекшеліктері туралы жан-жақты айтып, аурулардың пайда болу себептері, оны емдеу тәсілдері жайында да толымды баяндайды. Сондықтан, емшілікпен айналысқан адамдар үшін ғұламаның еңбектерінің баға жетпес құндылығын түсіну қиын емес.
Әл-Фарабидің басқа тақырыптағы кейбір еңбектерінде де медицина саласы туралы құнды пікірлер айтылады. Мәселен, ғұлама «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегіндегі жүрек жайлы айтқан ойларын медицинамен ұштастыра отырып, шебер жеткізе білген. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай, Әл-Фараби ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған.
Әл-Фараби бабамыздың еңбектерінің дүниежүзілік медицина саласын дамытуға қосқан үлесі мен алғышарттары айтарлықтай зор болды. Оның еңбектерін замандастары мен мұсылман әлемінің ғалымдары ғана емес, Батыс елдерінің медицина саласының мамандары да ұзақ жылдар жемісті пайдаланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар