Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
- АРҚА АЖАРЫ

Жаңа заң еңбек адамдарының мүддесін қорғайды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Берік Мұстафин «Еңбек мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға түсініктеме берді.

Мемлекет басшысы биылғы жылдың 4 мамырында аталмыш заңға қол қойды. Сондай-ақ, Еңбек кодексіне де бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл бағытта азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын толық жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау бөлігінде еңбек қатынастары, жұмысшылар мен жұмыс берушілер өкілдерінің өкілеттіктерін реттеу бөлігінде әлеуметтік серіктестік, еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бөлігінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау реттелетін болды.
–Заңмен еңбек шарттарын жасасу және есепке алу үрдісін автоматтандыру ұсынылады. Еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру үшін еңбек шарттарын электронды түрде жасау қажет. Жұмыс беруші еңбек шарттарын еңбеккерлерімен еңбек қатынастары туралы ақпаратты, сондай-ақ, жазбаша түрде жасалған еңбек шарттарын «Еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізуге міндетті. Аталған шаралар қолданыстағы еңбек заңнамасында көзделген жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыруға және жүйелеуге, еңбеккердің еңбек өтілін, біліктілігін, жұмыс орнын растау рәсімін жеңілдетуге, еңбек өтілін, жұмыс орны мен біліктілігін қоса алғанда, қызметкерлер жөнінде мәліметтердің сақталуына және дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы облыста 1552 кәсіпорын интеграциядан өтті. Бұл барлық кәсіпорындардың 14,5 пайызы. 75 139 еңбек шарты жасалды. Келесі мәселе қазақстандық және шетелдік еңбеккерлер арасында еңбек, жалақы және тұрмыстық жағдай бойынша кемсітушілікке жол бермеу. Бұл мәселе шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы жанжалдардың алдын алады. Заңмен жұмыс берушінің жұмысы үшін кемсітусіз тең жағдай жасау міндеті қарастырылған. Мәселен, Ақмола облысында еңбекақы төлеу бойынша кемсітушілік фактісі анықталды,–деген басқарма басшысы бұл бағытта Заң нормалары жұмыс берушілерге еңбек саласында кемсітушілік фактілеріне жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленгенін айтты. Сондай-ақ, жұмыс кезінде кемсітушілік фактілеріне жол бермеу мақсатында еңбеккерге лайықты еңбек және тұрмыс жағдайының тең құқы берілген. Бұрын қолданылған Еңбек кодексінде еңбеккерді әскери қызметке шақыру еңбек шартын бұзуға негіз болған. Енгізілген өзгеріске сәйкес, жұмыс беруші азаматтардың жұмыс орнын сақтауға, сондай-ақ, мерзімді әскери қызметін өткеру кезінде еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысын беруге міндетті. Еңбеккер әскери қызметі аяқталған соң бір айдың ішінде жұмысына кірісуі тиіс.
–Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 44 бабы 2 тараумен толықтырылды. Бұл тарауда жүкті әйелді зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын өзге жұмысқа ауыстыру кезінде бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес еңбекақы төленетіні айтылған. Бұрын еңбекақысы сақталмайтын демалыс тараптардың келісімі бойынша берілетін. Қазір жұмыс берушіге аурудың дәрежесі туралы тиісті медициналық шешімді ұсынған кезде отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтын еңбеккерге толық емес жұмыс уақыты режимін орнату міндеті енгізілген. Қолданыстағы заңнамамен жұмыс берушінің еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін жауапкершілігі күшейтілді. Келісім комиссиясына алдын ала жүгінбей-ақ, жеке еңбек дауларын қарау үшін сотқа жүгінуге құқы бар адамдардың жекелеген санаттарының тізімі толықтырылды,–деген басқарма басшысы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі заң саласындағы өзгертулер мен жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.
Биылғы жылы жеке және заңды тұлғалардың 488 өтініші қаралған екен. Инспекторлар облыстың 22 еңбек ұжымындағы 56 еңбеккердің 5,2 миллион теңге жалақысының берілуіне ықпал етіпті. Сондай-ақ, басқарма еңбек ұжымдарындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыс атқарып келеді. Брифинг соңында басқарма басшысы Берік Мұстафин журналистер сауалдарына тұшымды жауап берді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар