Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда үш әлеуметтік павильон ашылады - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда үш әлеуметтік павильон ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Гүлмира Жазинаның қатысуымен тұрақтандыру қорының жұмысы туралы брифинг болып өтті.
Гүлмира Жазинаның айтуынша, қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 230 миллион теңгенің 1804 тоннадай азық түлігі бар. Аса қажетті деген азық-түліктің бағасына ұдайы мониторинг жүргізіліп отырылады. Бағаны арнайы комиссия бекітеді.
Бір ғана мысал, облыс орталығы Көкшетау қаласындағы «Көкше-Қамқор» коммуналдық базарында «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының бөлімі тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдерін сататын павильон ашқан. Бұл жерде Көкшетау сүт зауыты» өндірген сары майдың бір келісі 2400 теңгеден сатылады, сондай-ақ, «Лидер» күріші 280 теңге тұрса, қарақұмық жармасы 267 теңге. «Atbasargrain» компаниясының бірінші сортты бидайының бір килограмы 110 теңгеден сатылады. Ал, Атбасар ауданында өндірілетін «Сочинское» күнбағыс майы бір литрі 380 теңге. Тұрақтандыру қоры азық-түлік бағасын шарықтатып жібермеуді көздейді.
Г.Жазинаның айтуынша, алдағы уақытта облыс орталығындағы Абылай хан даңғылында осындай екі және Көктем шағын ауданында әлеуметтік бір павильон ашылады деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары маусым айының 1-нен басталған. Алдағы қыркүйек айында бұл павильондар пайдалануға берілетін болады.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар