Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұнайды тазарту әдісін ойлап тапты - АРҚА АЖАРЫ

Мұнайды тазарту әдісін ойлап тапты

Көкшетау техникалық институтының курсанты Жанат Әділхан су бетіне төгілген мұнайды тазартудың әдісін ойлап тапты.
Әлем халқын коронавирус бір жағынан әбігерге салса, екінші жағынан мұнай бағасының құлдырауы да жығылғанның үстінен жұдырық болды. Алайда, мұнайдың экономикадан басқа экологияға да тигізер зияны орасан. Мәселен, 12 грамм мұнай 1 тонна суды жарамсыз етеді екен.
Жанат Әділхан – болашақ өрт сөндіруші. Алматы өңірінде дүниеге келген. Үш жыл бұрын Көкшетау техникалық институтына оқуға түскен. Өз мамандығын ғылымсыз елестете алмайды. Жас ғалым жетекшісімен бірге ғылыми жаңалық ашты. Осылайша Ақмола өңірінде өсетін қурай, қоға тектес өсімдіктердің көмегімен су бетіне төгілген мұнайды тазартудың әдісін ойлап тапты. Бұл ғылыми жаңалығымен республика көлеміндегі байқаудан жүлделі оралған.
–Оқу жылы барысында түрлі ғылыми байқауларға қатыстым. Ең алдымен, кафедралар арасында өткен додада жеңіске жеттім, кейін Ақмола облысындағы ғылыми жобалар жарысынан бірінші орын алдым, содан соң республика бойынша жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байқауда бірінші орынды иелендім, –деді Жанат.
Болашақ өрт сөндіруші химияны жан-жақты меңгерген кәсіби маман болуды армандайды. Мұнай – жылдам жанатын және экологияны тез ластайтын химиялық қоспа. Сондықтан, ұстазы мен шәкірті оның құрамын ғана емес, зиянын да жан-жақты зерттеуде.
Апаттан төгілген мұнайды су бетінен тазалау үшін олар 5 литрлік ыдысқа су құйып, судың бетіне мұнайды төгеді. Сол мұнайдың бетіне алдын ала дайындалып ұсақталған қурай немесе қоға тұқымдас өсімдіктер қалдығын себеді. 10-15 минут ішінде ол өсімдіктер өзіне мұнайды сіңіріп алады. Кейін су бетінен осы өсімдіктерді сүзіп алып тастағанда, су таза күйінде қалады.
–Техникалық институтта курсанттардың ғылыммен айналысуы үшін бар мүмкіндік жасалған. Мұнда химиялық тәжірибелер жиі жасалып, болашақ құтқарушылар өрт шалған ғимараттың материалының құрамын, оның өртену процесі қалай жүзеге асатынын, химиялық сұйықтықтардың жану жылдамдығын, лапылдау мен жарылу күшін де зерттейді, – дейді Көкшетау техникалық институтының аға оқытушысы, азаматтық қорғаныс капитаны Рүстем Шәріпов.

Ы.АХМЕТҚАЛИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар