Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік бағдарлама

Өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың әлеуеті зор

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған міндеттерді шешу үшін Ақмола облысында да осы саланы дамытудың негізгі басым бағыттары анықталып, өңірлік бағдарлама жасалған болатын.

Бұл бағдарлама өңір саласының 8 негізгі басым бағытын қамтып, соған сәйкес әр ауданда 19 өңірлік бағдарлама белгіленген. Біздің талдау өсімдік шаруашылығында негізгі дақылдарды әртараптандыру, тұқым шаруашылығының жаңа жүйесін енгізу, егістік жерді өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану, суармалы жерді айналымға енгізу тәрізді негізгі бағыттарда жұмыс істеу керектігін көрсетті.
Дегенмен, біз мал шаруашылығы саласында үлкен резервке иеміз. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, етті мал шаруашылығы дамытыла түсті. Сондай-ақ, сүтті мал шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шаруашылықтарда сүт өндірісі көбеюде. Етті ферма құру жобалары да жүзеге асырылуда. 7600 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынып, еттік бағыттағы 111 ферма салынады. 2019-2023 жылдары 35 мың бас сиыр сатып алынып, осындай тағы 700 ферма құру жоспарланған.
Биылғы жылы 100-200 бас сиырдан сатып алып, 18 тауарлы-сүт фермасын құру межеленген. Қазір облыста 12,5 мың бас сиыры бар 45 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Целиноград аудандарында 4900 сиырға арналған 4 ірі тауарлы-сүт фермасы салынуда. Барлық жобалар жүзеге асырылса, жыл сайын қосымша 40 мың тонна сүт өндіріліп, сүт өңдеу қуатын 70 пайызға, ет өңдеу қуатын 80 пайызға арттыруға мүмкіндік туады. Құс шаруашылығындағы биылғы үлкен жоба Макинск құс фабрикасының екінші кезеңі болып табылады. Фабриканың қуаты жылына 50 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл еліміз бойынша тауық еті импортының үштен бірін жабуға мүмкіндік береді. Жыл сайынғы импорт көлемі 170 мың тоннаны құрайды.
Жоғарыда аталған барлық шараларды жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін 5,1 пайызға өсірді, ал, ауыл шаруашылығындағы инвестиция 9,4 пайызға көбейді. Саладағы орташа еңбекақы 13 пайызға көтерілді. Біздің аграршылар жоғары экспорттық қажеттілікке нақты көңіл аударуды үйреніп, жақсы сатылатын өнімді өндіре бастады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында құс еті, сыр мен ірімшік экспорты 1,8 есе, зығыр тұқымын себу 2 есе, жасымық себу 1,4 есе көбейді.
Ауыл шаруашылығының барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін қамтамасыз етілуде. Барлық санаттағы шаруашылықтарда 48 мың тонна ет, 98 мың тонна сүт өндірілді. Ірі қара саны 3,1 пайызға өсіп, 520,3 мың басты құрады. Оның ішінде 224,1 мың бас сиыр бар. Сондай-ақ, қой-ешкі саны 681,6 мыңды, жылқы 217,9 мың басты құрады. Еңбек өнімділігін арттырудың тиімді бағытының бірі цифрландыру және нақты технология болып табылады. Жерді тиімді пайдалану мақсатында өңірде алқаптардың электрондық картасы құрылуда. Бүгінгі күні 6 миллион гектарға жуық жер цифрлық форматқа көшірілді. Сондай-ақ, екі жыл бұрын пилоттық жоба аясында облыстың үш шаруашылығында нақты технология элементтері енгізілді. Бүгінгі күні жақсы нәтижелердің арқасында оны 106 ауыл шаруашылығы құрылымы пайдаланады. 2022 жылы облыстың 194 шаруашылығы нақты жер өңдеудің элементтерін енгізбекші. Осының бәрі фермерлерге тыңайтқышты, өсімдікті қорғау дәрісін, жанар-жағар май материалдарын, тұқымды және өзгелерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жалпы, өндірістің шығынын қысқартып, өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, суармалы жерді ұлғайту жұмысын жалғастырудамыз. Биылғы жылы мұндай алқаптар 28,6 мың гектарға дейін жеткізіледі. Пандемия жағдайында шекаралар жабылып, тауарлар импорты тоқтатылды. Мұндай жағдайда ішкі өндіріс өсімі өзіміздің азық-түлік қажеттілігінің көп бөлігін жабуға мүмкіндік берді. Биылғы жылдың 4 айында өңделген ет өндірісі 22,1 пайызға, сүт өнімі 0,4 пайызға, ұн 29 пайызға, өсімдік майы 42,1 пайызға көбейді.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері астананың рыногына азық-түлік тасымалдауды тоқтатқан жоқ. Бүгінгі күні 10 мың тонна ет өнімдері, 28,5 мың тонна сүт өнімдері, 86 миллион дана жұмыртқа тасымалданды. Ет пен сүт бойынша астаналықтардың қажеттілігінің үштен бірі, жұмыртқаның 94 пайызы қамтамасыз етіледі. Аграрлық сектордағы қолданылған шаралар еңбек өнімділігі өсімінің 2,5 есе мақсатты көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Үлкен аграрлық мүмкіншілігі бар елдегі агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық жүзеге асыру қажет. Өңдеуші өндіріс құрылысына өз күшімізді бағыттау керек. Алыс және жақын шетелдердің серіктестерімен бірлесе еңбек етудің екі жаққа тиімді моделін жасау қажет. Негізгі міндетті одан әрі жүзеге асыру үшін еңбек өнімділігін және 2022 жылға өңделген ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауды 2,5 есе көбейту керек. Бұл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын орындауға байланысты облыста атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бір бөлігі. Бізде саланы дамыту үшін үлкен әлеует бар. Ол үшін алға қойған барлық міндеттерді орындау керек. Ел азаматтарының тұрмыстық жағдайы мемлекеттік және жекеменшік секторының бірлескен жұмысымен тікелей байланысты екенін түсінеміз және осы бағытта белсене жұмыс істейтін боламыз.
Ербол ЖҮСІПБЕКОВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар