Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік бағдарлама - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік бағдарлама

«Нұрлы жол» – нақты істер мүмкіндігі

Тұрғын үй құрылысын дамытудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бағдарламаға «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың және Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының жылумен, сумен жабдықтау және су тарту, коммуналдық секторды жаңғырту, үйлерді жөндеу мәселелері біріктірілген.

Бағдарлама елдегі халықтың әр тараптарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталып отыр. Ұлттық банк «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын әзірлеуіне және бекітуіне байланысты сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу, кредиттік тұрғын үй салу, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру, осыған квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу тәрізді негізгі міндеттер қайта қаралып, өзектендірілген болатын. 2020 жылдың 4 айында облыс бойынша 189 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 1777 отбасы пәтерлі болды. Оның ішінде 195 пәтер жалға берілсе, 966 пәтер коммерциялық тұрғын үй, 616 пәтер жекеменшік тұрғын үй құрылысының иелігінен сатып алынды.
Республикалық бюджет қаржысы есебінен биылғы жылы жалға берілетін 6 тұрғын үйді, облыстық бюджет қаржысы есебінен Жарқайың ауданының Державинск қаласында 60 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Үстіміздегі жылы 12 кредиттік көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп межеленген. Тұрғын үй құрылысына 12,1 миллиард теңге, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйге 3,7 миллиард теңге, кредиттік тұрғын үйге 5,6 миллиард теңге қарастырылды. Қомақты қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді. Сондай-ақ, мемлекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының қомақты қаржысы тартылды. Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша жоспарланған 249 миллион теңге толық игерілді. Оның ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысының 199 миллион теңгесі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытудың 50 миллион теңгесі бар. Жергілікті атқарушы органдардың облигациясын шығару арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысына биылғы жылы 1,2 миллиард теңге қарастырылған. Көкшетау қаласында 160 пәтерлік екі тұрғын үй, Макинск қаласында 45 пәтерлік бір тұрғын үй салынады. Қосымша 4,4 миллиард теңге қарастырылған. Бұл қаржымен Көкшетау, Ақкөл, Ерейментау, Макинск қалаларында көп қабатты бірнеше тұрғын үйлер бой көтереді. 2020 жылы Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді аудандарындағы көп қабатты тұрғын үй мен жекеменшік тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдарын тарту қарастырылған. Көкшетау қаласы мен Ақкөл ауданындағы 661 жер учаскесінің сумен және электрмен қамтамасыз ету жүйелері жоспарланды. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру атты бірінші міндеттің аясында тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізілді. Айқындаушы фактор – халықтың табысы. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бұрынғысынша 2 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға қолжетімді болады. Сондай-ақ, 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді. Табысы 5 ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын адамдар бастапқы және кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы Ұлттық банктің «Баспана-хит», Қазақстан ипотекалық компаниясының «Орда», Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Өз үйім» бағдарламаларын пайдалана алады.
Баспана алудың ашықтығы мен бірыңғай жүйесін есепке алуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың бірыңғай республикалық базасы енгізілуде. Аталған базаның деректері кезекте тұрған адамдар арасында тұрғын үйдің қолжетімділігін анықтау үшін пайдаланылатын болады, бұл мемлекеттік қолдаудың нақты адамға берілуі мен мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаның екінші міндеті – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Қалалық елді мекендерде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жоспарланған. Желілерді қайта құру үшін бюджеттен тыс қаржыландыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тетіктері және қаржы ұйымдарының кредиттері пайдаланылуда. Халық саны 200 адамға жетпейтін ауылдарда сумен жабдықтау мәселесі суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату арқылы, ал, халық саны 200 адамнан асатын ауылдарда – орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері арқылы шешілетін болады. Сондай-ақ, кәріздік-тазарту қондырғыларын салу және қайта құру мәселелері шешілуде. 2023 жылға қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз етіп, кәріздік-тазарту қондырғыларын қайта құру мен салуға халықаралық қаржы ұйымдарынан қаржы тарту жоспарлануда. Бұл үш жыл ішінде қалалардағы кәріздік-тазарту қондырғыларын толық жаңғыртуға және 2024 жылға қарай 100 пайыз қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның үшінші міндеті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғыртуға және дамытуға бағытталған. Төртінші міндет тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту шараларын көздейді. Бүгінде облыстың тұрғын үй қорында тұрған бірқатар көп пәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізу қажет. 2020-2021 жылдары өңірге осы мақсатта қомақты қаржы бөлінеді деп жоспарланды, бұл біршама тұрғын үйді жөндеуге мүмкіндік береді және бірнеше тұрғын үйлер айналымдағы қаражат есебінен жөнделеді. Бесінші міндет шеңберінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру бойынша жаңа нормативтерді, үлгілік жобаларды, жалпы, мемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобаларын әзірлеу және қолданыстағыларын өзектендіру, нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды цифрландыру шаралары қабылданды. Құрылыс үрдістерінің ашықтығын белгілеу және құрылыс сапасын бақылау мақсатында «Е-Құрылыс» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленуде. Бұл баспаналы боламын деген тұрғындардың үмітін нығайта түспекші.
Марат ӘУБӘКІРОВ,
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар