Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әуелі өзіңді, сонан соң өзгелерді сақтай біл! - АРҚА АЖАРЫ

Әуелі өзіңді, сонан соң өзгелерді сақтай біл!

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған пациенттерге жадынама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі бойынша пациенттерге арналған жадынама бойынша коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үйінде (үй карантині) оқшауланады.
Үй карантинінде жатқан адамға нұсқаулық: Үйден шықпау керек. Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Медициналық масканы нығыз жабыстыра тағып, екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет. Тамақ ішер алдында, сонымен бірге дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүртуді ұмытпау керек. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдалану керек. Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек. Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.
Үй карантині қамтамасыз етілген отбасындағы адамдарға нұсқаулық: Бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек. Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдыңғы бөлігін ұстамау керек. Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн. Бөлмені күніне екі рет желдеткен дұрыс. Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек – Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал. Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар