Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
50 мың теңге үшінші мәрте төленеді - АРҚА АЖАРЫ

50 мың теңге үшінші мәрте төленеді

Елімізде мұқтаж отбасылар үшін «Birgemiz» қорынан тағы бір мәрте 50 мың теңге төленетін болды. Бұл жайында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Бұл әлеуметтік көмек осымен үшінші мәрте тағайындалып отыр.  Оны ірі қалаларға жақын орналасқан кенттер мен ауылдардың әлеуметтік аз қамтылған мұқтаж адамдары, көп балалы отбасылары және мүгедектер секілді арнайы белгіленген топтар алады.
–Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Елбасының бастамасымен Мемлекет басшысы қолға алған дағдарысқа қарсы шараларға қосымша «Birgemiz» қоры мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Көмек көрсетудің бірінші және екінші кезеңі аясында 23 қаладағы 360 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлемақы алды. «Jas Otan» маңына топтасқан 5 мыңнан астам волонтер 240 мың отбасыға азық-түлік себеттерін, медициналық маскалар мен бірінші кезекте қажетті заттарды жеткізіп берді. Әлеуметтік тұрмысы осал топтарға жататын 100 мың отбасыға тегін 5 миллион маска үлестірілді, – дейді партия төрағасының бірінші орынбасары. Сонымен бірге, ол бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы екендігін атап өтті.
Бауыржан Байбектің сөзіне қарағанда, жағдайы төмен қазақстандықтар үшін алдағы уақытта аталмыш жәрдемақы төртінші рет төленуі мүмкін. «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен «Birgemiz» қорының атқарып жатқан игілікті ісі ірі меценаттардың көкейіне сенім ұялатып отыр. Осылайша таяу уақытта тағы да қосымша қаражат түседі деп күтілуде. Осыны ескерген Елбасы тікелей ауыл тұрғындарына басымдық беріп, мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін іске асыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы баспасөз хатшысының мәліметінше, «Birgemiz» қорынан үшінші транш бойынша біздің өңір аудандарының елді мекендеріндегі әлеуметтік аз қамтылған 9260 отбасы 50 мың теңге көмек алыпты. Бұған дейін сәуір, мамыр айларында Көкшетау қаласын қоса алғанда 8758 мұқтаж адамның жеке шотына 50 мың теңгеден аударылған. Сонымен бірге, қазіргі уақытта елді мекендерден хабарласқан 9 мыңнан астам әлеуметтік тұрмысы осал топтарға жататын отбасыларға меценаттар тарапынан азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр.
Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар