Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру (трансформациялау) қажеттiгi табиғи факторларға, оларды бұдан кейiн де басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орындылығына негiзделедi.
Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органға берген өтiнiмi, сондай-ақ, жергiлiктi атқарушы органның бастамасы ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге негiз бола алады.
Суарылмайтын егiстiктi неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарының түрiне ауыстыру бойынша және неғұрлым бағасы төмен ауыл шаруашылығы алқаптарын неғұрлым бағасы жоғары алқаптарға ауыстыру туралы шешімді аудандық (қалалық) атқарушы орган қабылдайды.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi материалдар ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келiсу үшiн жiберiледi.
Сонымен бірге, суармалы жердi суарылмайтын жерге, суарылмайтын егiстiктi ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа неғұрлым бағасы төменiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келiсу үшiн жiбередi.
Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төменгiлерiне ауыстыруға:
егiстiк үшiн жердiң агроөндiрiстiк топырақ сипаттамасының олардың нақты пайдаланылуы-
на сәйкес келмеуi, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейi;
көп жылдық екпелер үшiн екпелердiң шектi жасы, олардың сиреуi, жердiң кен құрамының жұтаңдығы, қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы;
шабындықтар үшiн жердiң шөлейттенуi, шалғындық өсiмдiктердiң сиреуi, жердiң мелиорациялық күйiнiң нашарлауы;
жайылымдар үшiн тапталып бүлiнуi негiз болып табылады.
Суармалы жердi суарылмайтын жерге ауыс-тыру кезiнде жоғарыда санамаланған факторлардан басқа, суару көзiмен байланыстың үзiлуi, сумен қамтылмауы, шаруашылық iшiндегi суару жүйелерiнiң техникалық жай-күйi, ал, жайылма суармалы жер үшiн су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi ескерiледi.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №271 бұйрығына сәйкес мемлекеттiк қызмет болып табылады.
Қызмет 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі жоғарыда көрсетілген стандарттармен белгіленеді.
Гүлжан ДОМАНОВА,
облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы.