Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында облысымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері сөз болды. Қоғамдық кеңеске партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, басқарма басшылары мен мүшелері қатысты.

Алдымен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 70 жоба іске асырылуда. Оның 53-і білім саласына, жетеуі денсаулық, үшеуі тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ, қалғандары табиғатты қорғау, көлік, энергетика салаларына қатысты. Бұдан бөлек 45 жоба бойынша жекеменшік әріптестермен келісім-шартқа қол қойылған.
Нақтырақ айтсақ, бұл Көкшетау қаласындағы 21 мектеп асханасын, облыс орталығы мен Жарқайың ауданындағы сегіз балабақшаны сенімді басқаруға беру, Ерейментау, Бурабай аудандарында және Степногорск қаласында 520 орындық бес балабақша ашуға, басқа да салаларға қатысты жобалар.
–2015 жылы Ақмола облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы құрылды. Аталмыш орталық базасында салаға қатысты біліктілікті жетілдіру курстары өткізіліп тұрады және тегін әдістемелік кеңес беріледі, – деді Қанат Дүзелбаев.
Осы орайда, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қандай да бір ғимаратты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде сенімді басқаруға беру кезінде оның экономикалық тиімділігін жіті ескеру қажеттігін айтты. Жоба облысымызда бес жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы мерзім ішінде әріптестік келісім-шарт бұзылған жағдайлар да орын алған.
Қоғамдық кеңесте денсаулық, білім салаларында да мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері сөз болып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар