Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыспен қамтудың өзекті тұстары - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыспен қамтудың өзекті тұстары

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалында партияның сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық кураторының кезекті отырысы болып өтті. Бұл іс-шараға партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, сөз сөйледі.

Отырысқа аудан әкімдерінің орынбасарлары да қатысып, аймақтық партия кураторы Елена Мащинская төрайымдылық етті. Күн тәртібіне сай, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен көрсеткіштері жөнінде, мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуы туралы жан-жақты айтып берді.
Облыс аумағында осы күні 19 жұмыспен қамту орталықтары бар. Олар бүгінге дейін 13 вакансия жәрмеңкесін өткізіп, оған үш жүздей адам мен жетпістен астам жұмыс беруші қатысыпты. Ағымдағы жылы «Еңбек», яғни, 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9490 адамға жұмыс беру көзделген. Қазіргі уақытта олардың 3252-сі аталмыш бағдарлама негізінде жұмыспен
қамтылып, 1 571,3 миллион теңге игерілген.
Бұл маңызды бағдарламаның бірінші бағыты – техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамту бойынша үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 9-11 сыныптарды бітірген 1190 түлек облыстағы орта арнаулы білім ордаларына оқуға түседі. Сонымен бірге, қысқа мерзімде оқыту бойынша 665 адамды қамту қарастырылған, қазіргі жағдай бойынша 146 адам қамтылыпты. Бұл орайда, Степногорск қаласының әкімдігімен тікелей байланысқа шыққанда, ондағылар осы айдың жиырмасынан бастап аспаздарды оқытуды бастайтын болды. Ал, қалада аса қажеттілік туғызатын электрик, шаштараз мамандықтарын игерту үшін онлайн оқыту тиімсіз екендігін айтты. Оларды қашықтықтан оқыту мүмкін емес екен. Сонымен бірге, отырыста «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бизнес бастау» оқыту курстарының қатысушыларын жұмыспен қамту және оқып шық-
қандарға гранттар бөлу мәселелері қаралды.
Отырыста бұдан бөлек жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша микрокредит беру, жастар тәжірибесі, әлеуметтік, қоғамдық жұмыс орындары мәселелері қаралды.
Баяндамашы Дина Ахметжанова сөз соңында аудандық және қалалық әкімдіктердің өкілдеріне жұмыспен қамту бағдарламалары аясында ашылған жұмыс орындарына тексерістердің жүргізілетіндігін ескертті. Егер де ұсынылған жоба аясында ашылуы тиіс жұмыс орындарында жергілікті елді мекендердің жұмыссыздары қамтылмайтын болса, жауапқа тартылатындықтарын айтты. Сонымен бірге, ол жыл соңына дейін жұмыспен қамту мәселесіне қатысты барлық көрсеткіштер тиісті деңгейге жететіндігін атап өтті. Бұл мәселе облыс тұрғындарын жұмыспен қамту үшін қарастырылып отырғаны сөзсіз.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар