Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пандемияға қарамастан экономиканың барлық салаларында ілгерілеушілік байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Пандемияға қарамастан экономиканың барлық салаларында ілгерілеушілік байқалады

Алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз сөйледі.

Сессияға депутаттармен бірге, аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. Алдымен, облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөнінде баяндама жасады.Оның айтуынша, өткен жылы республикалық бюджеттің трансферті көлемінің өзгеруіне байланысты облыстық бюджет алты мәрте нақтыланып, он бес рет түзету енгізілген. Нәтижесінде кіріс бөлігі 238 миллиард 400 миллион теңгені, шығыс бөлігі 238 миллиард 465 миллион теңгені  құраған.Алдыңғы жылға қарағанда дебиторлық және кредиторлық қарыздар көлемінің өскені байқалады. 2019 жылы облыстық бюджетті 27 бюджеттік бағдарлама әкімшісі жүзеге асырған.

Облыстық бюджеттің атқарылуына жүргізілген талдау қаржыландырылатын іс-шаралар экономиканың үдемелі дамуына және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге, ең алдымен, тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын көрсетті. Бюджет қаражаты 100 пайызға игерілді. Мектеп пен аурухана, тұрғын үй құрылысына, жолдарды жөндеуге, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, білім беру, медициналық мекемелерді заманауи құралдармен жабдықтауға, қысқы жаңа жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына қомақты қаржы бөлінген.

Сессия барысында сөз алған Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекенов кейбір салаларда облыстық бюджеттің өз мақсаты бойынша игерілмеу фактілеріне тоқталды. Өткен жылы тексеру комиссиясы 316 нысанда 19 аудиторлық іс-шара жүргізген.  Анықталған заңбұзушылықтар көлемі 16 миллиард теңгені құраған.

Сессияда Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының аумағында өз мұқтаждары үшін жеке тұлғалардың орман ресурстарын жинау нормалары мен мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында орманды пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы, Ақмола облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызмет ақысын төлеудің және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы жобалар қаралып, бірауыздан мақұлданды.

Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеп жатқан инфекциялық стационарларда респираторлардың тапшылығы байқалады. Сол себепті, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге респираторлар сатып алу үшін бюджеттен 45 миллион теңге көлеміндеқосымша қаражат қарастыруды сұрады. Бұл ұсынысты да депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Ермек Маржықпаев өткен жылы экономиканың барлық салаларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілгенін айта келе, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жәнеқазіргі қалыптасып отырған жағдай жөнінде қысқаша баяндап берді.

–Бюджет қаржысының игерілуіне жүргізілген тексерістер нәтижесінде анықталған кемшіліктер бірқатар жауапты тұлғалардың салғырттығын, бақылаудың жоқтығын көрсетті. Жергілікті атқарушы органдар, салалық басқармалар бюджеттік кодекстің орындалуын жіті қадағалап, мемлекет қаражатының мақсатсыз игерілуіне жол бермеуі қажет. Қазір пандемияның салдарынан еліміз қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеруде. Төтенше жағдай кезінде облыста барлық жедел шаралар қолға алынды. Медициналық мекемелердің бағыты қайта қаралып, мониторингтік топтар құрылды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. «Тыныс» зауыты өнім көлемін ұлғайтты. Маска, антисептик құралдарының өндірісі жолға қойылды. Жалпы, жұқпалы індетпен күреске 1,6 миллиард теңге бөлінді, – дей келе, Ермек Маржықпаев пандемияға қарамастан облыста үстіміздегі жылдың бес айының қорытындысы бойынша  экономиканың барлық салаларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімдеріне кәсіпкерлікті қолдау картасы, бизнестің жол картасы бағдарламаларының іске асырылуын басты назарда ұстауды тапсырды.

–Өкінішке орай, қазіргі таңда инфекциялық стационарларда коронавируске шалдыққан науқастар саны күрт өсіп жатыр. Сол себепті, қосымша орындар әзірлеуге тура келуде. Мұның бәрі бюджетке келіп тіреледі. Одан бұрын медицина қызметкерлерінің жүктемесінің артқанын да ескеруіміз қажет. Тұрғындарымыз облыста қолға алынған карантин шаралары өздерінің қауіпсіздігі үшін жасалғанын түсінуі керек. Пандемиямен күрес тек дәрігерлердің, эпидемиологиялық қызметтің, полицияның емес, барша қоғамның міндеті. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кетуіне байланысты 15 маусымнан карантин талаптарының күшейтілуі де соны көрсетеді, – деген облыс әкімі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына да тоқталып, облыстың тұрақтандыру қорында 1800 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барын атап өтті.

Мәслихат депутаттарының шешімімен келесі сессияда Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалатын болды. Облыстық мәслихаттың кезекті 46  сессиясының төрағасы болып депутат Серік Аяғанов сайланды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар