Шортанды ауданының тұрғыны ішімдікке сылқия тойып алып, өзімен азаматтық некеде тұрған жолдасын ас үй пышағымен өлтірген.
Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында орын алған болатын. Отбасындағы ерлі-зайыптылар екеуден-екеу спирттік ішімдік ішіп, көңіл көтеріп отырады. Кенет азаматша А.мен 27 жасар Д.есімді оның азаматтық некедегі күйеуі арасында отбасылық-тұрмыстық дау-жанжал туындайды. Нәтижесінде азаматша А.-да өзінің некесіз күйеуін қасақана өлтіру жөнінде ой туындап, қылмыстық іске барады. Ол ас үй пышағын алып, Д.-ның кеуде тұсынан қаскөйлікпен бірнеше мәрте соққы салады. Бірнеше жерден пышақталған Д.оқиға орнында көз жұмады.
Сот шешімі бойынша азаматша А. 9 жылға бас бостандығынан айырылып, орташа қауіпсіз деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтейтін болды. Сонымен бірге, сот азаматша А.-ға жазасын өтеу орнында амбулаторлы түрде психиатр маманмен жұмыс істеп, алкогольден мәжбүрлеп емделуді міндеттеді.
Ырысалды ШАМШИЕВА.