Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды.
Бұл туралы «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», — деді Берік Уәли желідегі парақшасында.
Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке биыл 21 маусымға келіп тұр. Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен де құттықтаған болатын.