Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейтін болды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жыл соңына дейін бизнес субъектілеріне жоспарлы салыққа тексерулер жүргізілмейді.

Бұл туралы бизнесті қолдау мәселелері бойынша өтіп жатқан Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап үш жылға шағын және микрокәсіпкерлікке тексеру және профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілгенін білесіздер. Сонымен қатар жылдың соңына дейін бизнестің барлық санаттағы субъектілері үшін жаңа жоспарлы салықтық тексерулер жүргізілмейді», — деді Руслан Дәленов. Оның айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін кәсіпкерлердің «адалдық» презумпциясы қолданыста. Бұл заңнамадағы әртүрлі түсініктерді адал кәсіпкерлердің пайдасына қолдануға мүмкіндік береді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар