Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2001 жылғы Анастасия Александровна Ромасюнь жұмысына кеткеннен қайтып оралмаған. Бұл туралы оның өгей әпкесі полицияға хабарласып, көмек сұраған. Қазіргі кезде бойжеткенді іздеуге тәртіп сақшыларымен бірге еріктілер де тартылуда.
Анастасия үйден кеткенде үстіне қара-жасыл түсті джинсы күртке, ақ крассовка, сұр түсті джинсы киген. Оның бойы 175-177 см, шашы қоңыр түсті. Сол қолында татуировка бар. Әріптестерінің сөзінше, ол 18 маусымда сағат 15:00 шамасында әріптестерімен сөзге келіп қалған. Кейін заттарын алып, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Анастасияны көрген немесе жүрген жерін білетін адам болса, дереу «102» арнайы желісіне хабарласуына болады.
Алпысбай СЕЙІТ.