Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста COVID-19 жұқтырудың 349 фактісі тіркелді.
Оның ішінде Көкшетау қаласында жаңадан 11 адамның жұқтырғаны анықталды. Ал, Аршалы ауданында – 4, Целиноград ауданында – 2 (Ақмол және Қосшы ауылдарында бір бірден) жағдай анықталды. Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандарында және Степногорск қаласында қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1 адамға ұлғайды.
Жұқтырғандардың сегізі 65-32 жас аралығындағылар ер адам, он екісі 58-25 жас аралығындағы әйелдер. Сонымен қатар, коронавирус 2017 жылы туған үл балада анықталды.
Қазіргі таңда облысымызда COVID-19 жұқтырғандардың саны 349 адамды құрайды. Оның ішінде 147 адам жазылып, үйлеріне жіберілген.