Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық бірыңғай тестілеудің аяқталуына санаулы күндер қалды - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің аяқталуына санаулы күндер қалды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте биылғы мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысы, түлектер тарапынан ҰБТ ережесіне қатысты орын алып жатқан кемшіліктер туралы айтылды.

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу облысымызда маусымның 21-і басталғаны белгілі. Осы айдың 30-ы тестілеудің соңғы күні. Үстіміздегі жылы мектеп бітірген 4515 түлектің 3718-і ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Брифингте сөз алған облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Әсемгүл Сүлейменованың айтуынша, тестілеу өткен алғашқы бес күн ішінде 3715 түлектің 1383-і немесе 37 пайызы тест тапсырып үлгерген. Бір түлек ұялы телефон және шпаргалгамен ұсталып, тестілеуге жіберілмеген. Ал, 13 түлек осындай әрекеттері үшін тест тапсырып жатқан кездерінде аудиториядан босатылған. Тағы екі түлекке дене қызулары болғаны үшін тестілеуге кіруге рұқсат етілмеген.

–Степногорск қаласындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатының түлегі тестілеу нәтижесі бойынша 128 балл алып, облыс бойынша ең жоғары балды жинады. Қазіргі таңда ҰБТ-ға Көкшетау қаласындағы мектептер мен облыстық мамандандырылған білім ошақтары қатысуда. Бүгінгі таңға дейін Көкшетау қаласы бойынша 217, №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатынан 13, Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған мектеп интернатынан 40 түлек тест тапсырды. 270 түлек тест тапсырады деп жоспарланған болатын. Оның 266-сы қатысты. Бір түлек тестілеуден өз еркімен бас тартса, қалғандары ұялы телефон, шпаргалга әкелгені үшін тестілеуге жіберілмеді, – деді басқарманың бөлім басшысы Әсемгүл Сүлейменова.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар