Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы саласының жай-жапсары сөз болды - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы саласының жай-жапсары сөз болды

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының «Аграрлық сектор» бойынша партиялық кураторы Максим Божконың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі егіс науқанының қорытындылары мен ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан игі істер туралы айтылды.

Облысымызда биылғы көктемгі егіс науқаны жоспарға сай өтті. Ағымдағы жылы Ақмола облысында 4 миллион 900 мың гектар алқапқа дән себілді. Жаздық бидай 3 миллион 700 мың гектар жерге сіңірілген. Сепкен тұқымның 81 пайызы жоғары және элиталы сұрып дейді мамандар. Көктемгі егіс науқанына 89 мың тонна дизель жанармайы жеңілдетілген бағамен жеткізілді.
Ағымдағы жылдың бес айында құны 15 миллиард теңгенің 654 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаевтың айтуынша, биылғы көктемгі егіс науқанына 14 мың трактор, 16 мың дән себу кешені, 1200-ден астам өнімділігі жоғары шетелдік техника жұмылдырылған. Кеңеске қатысушылар қызметін тоқтатқан «Әліби» компаниясының 80 мың және «КазЭкспортАстықтың» 150 мың гектар егіс алқабын игеру мәселесіне де баса назар аударды. Ұлан-ғайыр жердің басым бөлігін өзге шаруалар жалға алғанымен 50 мың гектар жер иесіз қалған көрінеді.
Жиын барысында өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі де талқыланды. Биыл осы мақсатқа 37 миллиард теңге субсидия бөлініп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бес миллиард теңгеге төмен. Соның ішінде тұқым шаруашылығына 959 миллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен екі есеге жуық артық. Былтыр бұл қаржы 469 миллион теңге еді. Бұл элиталы тұқым көлемін арттырып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда жоғары сұрыпты тұқым көлемі 39,6 мың тоннадан 45 мың тоннаға дейін артқан. Егістік алқабы да 296 мың гектардан 424 мың гектарға дейін ұлғайды.
2019 жылы Ақмола облысында 60 мың тонна ет өндірілді. Етті мал шаруашылығын дамыту мақсатында биыл өңірге жеті жарым мың бас асыл тұқымды ірі қара әкелінеді. Жиын барысында ауыл шаруашылығының басқа да өзекті мәселелері ортаға салынып, тың пікірлер айтылды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар