Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда - АРҚА АЖАРЫ

Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

Көкшетаудың іргесіндегі ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде жақында жаңа өндіріс түрі іске қосылды. Мұнда әр түрлі конфигурациялы кірпіштер мен сәндік бедер тастар, сондай-ақ, металл бұйымдарын шығаратын цех өз жұмысын бастады.

Цехта 18 жұмысшы еңбек етуде. Қазіргі таңда бригада жұмысшылары Краснояр ауылының Мәдениет үйін абаттандыру үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша тротуарлық бедертас дайындап жатыр. Алғашқы 25 шаршы метр өнім өндірілді. Жоспар бойынша тапсырыс берушіге барлығы 720 шаршы метр бедертас жіберу керек екен. Тапсырыстарды сәтті орындау үшін жұмысшылар колонияның басшылығына жұмыс күнін бір сағатқа ұлғайтуды өтініп, осының нәтижесінде бір ауысымда бес бетон илемін дайындауға және өндіруге үлгеруде.
Жалпы бұған дейін бригада 1000 шаршы метр бедертас жасап шыққан. Олардың барлығы Көкшетау көшелерін абаттандыруға жөнелтілді. Бригадирдің айтуынша, жұмысшылар саны 25 адамға дейін артуы тиіс. Жоғарыда аталған өнім түрлерінен басқа цехта катушкалық плитка, тротуарлық кірпіш дайындалады және қажет болған жағдайда оның әралуандылығын арттыру да жоспарда бар.
Ең төменгі жалақы 41 мың теңге, кейбір жұмысшылар орта есеппен 50 мың теңгеге дейін алады, ал, дәнекерлеушілердің жалақысы 60-70 мың теңге көлемінде.
Колония бастығының жалпы мәселелер және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әсет Сыздықовтың айтуынша, жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы оларды жеке тұлға ретінде жетілдіреді, еңбек жетістіктері шабыттандырады, жарқын болашаққа, қалыпты өмірге күш пен үміт береді.
–Сотталғандарды түзеудің бір түрі еңбек терапиясы болып табылады. Бұл адамдарды жазаны өтеу орындарындағы қылмыстық ортаның теріс әсерінен қорғауға және босатылғаннан кейін өмірге дайындауға мүмкіндік беретін тәрбиелеудің пәрменді және тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан олар үшін еңбектің материалдық мотивациясы ғана маңызды емес. Ал сотталғандар біздің мекемеден жақсы еңбек дағдыларына машықтанып кетулері тиіс. Бұл үшін бізде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі жұмыс істейді. Оның басты міндеті жазасын өтеушілердің еңбегін ұйымдастыру, оларды жұмысқа орналастыру болып табылады. Бір ғана мысал, жақында жеке кәсіпкер «Арамаков» пен «Probuild» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Краснояр ауылындағы Мәдениет үйінің аумағын қалпына келтіру және абаттандыру бойынша тапсырыс жасады. Біздің цех жұмысының қарқыны мен сапасына қарағанда, болашақта осындай тапсырыстар санының өсуі үшін барлық алғы шарттар бар, – дейді ол.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Ирина Горнова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар