Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбекақы бойынша қарыздары өтелді - АРҚА АЖАРЫ

Еңбекақы бойынша қарыздары өтелді

Cтепногорск қаласында прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорын жұмысшыларының қордаланып қалған еңбекақысы бойынша берешегі өтелді.

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Степногорск қалалық прокурорына «Шестой СТ» өндірістік кооперативтің жұмысшылары көмек сұрап жүгінген. Қала тұрғындары кәсіпорын басшысын қайта сайлау туралы шешімді заңдастыра алмайтынын айтып шағымданған. Нәтижесінде, банк шоттарына қол жетімділіктің болмауына байланысты 25 жұмысшы жалақы ала алмаған. Прокуратураның үйлестіру шаралары арқылы мәселе бір күннің ішінде шешілді. Өтініш білдіргеннен кейін келесі күні кооператив қызметкерлеріне жалақы төлене бастады.
Жалпы, Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың басында жалақы бойынша еңбекақы берешегі 1 мың қызметкерге 220 миллион теңгеден астам соманы құрағанын атап өткен жөн. Мерзімі өткен берешектің негізгі үлесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі.
Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде берешек бірнеше есеге азайған. Бүгінгі күні 100 қызметкер алдындағы берешек 15 миллион теңгені құрап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Аслан ОСПАНОВ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар