Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Көшбасшы жолы» – музей экспозициясында - АРҚА АЖАРЫ

«Көшбасшы жолы» – музей экспозициясында

Нұрсұлтан Назарбаев – заманауи саясаткер, жаңа үлгідегі көшбасшы, елді жаңғырту идеясын іске асыруға бағытталған прогрессивті ақыл иегері. Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасын қалады. Осының арқасында ел барлық ішкі және сыртқы сын-қатерлер мен проблемаларды еңсере отырып, дәйекті және реформалар жолымен сенімді дамуда. Елбасы жас мемлекеттің елордасын Алматы қаласынан елордалық өлшем бойынша шағын провинциялық Ақмола қаласына көшірудің идеялық шабыттандырушысы болды, ол кейінірек Астана қаласы деп аталды. Қысқа мерзім ішінде қала өсіп, мемлекетіміздің символына айналды. 2019 жылы оның идеялық шабыттандырушысы мен сәулетшісі құрметіне елорда атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.

Ұлыбританияның танымал саясаткері Маргарет Тэтчер Тұңғыш Президентіміз туралы: «Бүгінде әлем бес немесе алты ықпалды саясаткерлерді біледі, олардың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев бар» деп ерекше атап өткені біз үшін де үлкен мерей.
2018 жылы Елордасы – Астана қаласының, қазіргі Нұр-Сұлтанның 20 жылдық мерейтойын атап өттік. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде аймақ басшысының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және осы мерейтойға орай «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих залы атты жаңа тұрақты экспозициясы ашылды.
Музейлердің қоғамдағы қазіргі әлеуметтік-мәдени рөлі жалпы әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің, оның рухани және материалдық мәдениетінің куәгерлері іспетті және шынайы жәдігерлерді сақтауға, зерделеуге, бейнелеуге негізделуі тиіс. Біздің ұжым аталмыш экспозицияны ерекше толқыныспен, үлкен жауапкершілікті сезіне отырып дайындады.
Залдың тұжырымдамасы бойынша Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, оның жетістіктері мен Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды тарихи рөлі кеңінен көрсетіледі. Онда Қазақстан мен жаңа елорданың қалыптасып, құрылуына Елбасының сіңірген зор еңбегі бейнеленген.
Залдың тақырыптық құрылым жағынан 5 бөлімді қамтиды. Алғашқысы – Атриум деп аталады, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қамтылған, бұл – экспозицияның орталық бөлігі болып табылады. Мемлекеттік рәміздердің әдемі әрі ұлттық нақышта, қазақы болмыста бекітілуіне де, Әнұранның соңғы нұсқасының жазылуына да Елбасының қосқан үлес салмағы мол. Экспозицияның екінші бөлігі Елбасы жолы – ел жолы, үшіншісі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы, келесісі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, ең соңғысы Мемлекет басшысының Ақмола облысында болуы деп аталады.
Музейдің «Елбасы және Тәуелсіздік» атты жаңа залында Тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу тарихында тағдыршешті мәні бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Конституциялық заңдары жоғарыда атап өткеніміздей, төрден орын алды. Музейге келушілер үшін Елбасының өмір жолы, оның тұлғалық қалыптасу тарихы, қарапайым жұмысшыдан бастап, саяси қайраткерге, әлемдік қауымдастық мойындаған Ұлт Көшбасшысына дейінгі өсу, қалыптасу кезеңдері суреттелген мұрағаттық құжаттар кеңінен ұсынылған. Онда Елбасының жеке отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер, шежіре, жеке заттары мен құнды сыйлықтарының макеттері қойылған. Музейдегі бұл жәдігерлер тарихи құнды және жастардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, отансүйгіштік рухында тәрбиелеуде, ұлттық мәдени код пен бірегейлікті сақтай отырып, жаңа құндылықтарды жаңарту мен қалыптастыруға ұмтылуда үлкен рөл атқарады. Көптеген жәдігерлердің арасында Тұңғыш Президенттің қолынан өткен, пайдаланған заттары бар.
Зал экспозициясында Тәуелсіздік пен Мемлекет басшысы идеясының триумфы, ұлттың рухани жаңғыруы, елдің табысты дамуының драйвері ретінде Ұлы даланың елордасы – Астана қаласына ерекше орын берілген. Елорда онда саяси, экономикалық және мәдени мегаполис және Қазақстанның сакральді орталығы ретінде кеңінен көрсетілген.
«Елбасы және Тәуелсіздік» залын қайта қалпына келтіру жұмыстарын қазақстандық танымал дизайнер, музейші Бекмағамбет Қазанғаповтың басшылығымен Алматы қаласының «Казинтерекс» компаниясы жүргізді.
Музейдегі жаңа экспозиция залының ашылуы белгілі мемлекет қайраткері, Елбасының жақын жақтасы және пікірлесі, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» директоры Махмұд Қасымбековтің жеке қолдауымен өтті.
Іс-шара барысында Нұр-Сұлтаннан келген қонақтар музейге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мұрағатынан жәдігерлер, картиналар сыйға тартты, олар облыстық музейдің заманауи Қазақстан тарихының жаңа экспозициялық залының қорын лайықты толықтырды.
Қуаныш ШАҚШАҚОВ,
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар