НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Бұл туралы ҚР Президенті Twittеr-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.