Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алда білім саласын дамытудың ауқымды жұмыстары күтіп тұр - АРҚА АЖАРЫ

Алда білім саласын дамытудың ауқымды жұмыстары күтіп тұр

Ақмола облысында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында көптеген оң нәтижелерге қол жеткізілді. Алдымызда жаңа жоспар, жаңа бағдарлама бар. Білім беру саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы біртіндеп іске асырылып келеді.

2016 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 68 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыста балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100 пайызға орындалып, өңірдегі балабақшалар саны 2016 жылы 551-ден 611-ге дейін артып, ондағы бүлдіршіндер саны 35 мыңнан асты. Осы жылдар аралығында облыс мектептері жаңартылған білім беру мазмұнына біртіндеп көшті. Бүгінде 1-10 сыныптар аралығындағы 121 мыңнан астам оқушы немесе 96,4 пайызы жаңа бағдарлама негізінде білім алады. Ұлттық біліктілік тестінен өту үшін педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Қазір облыста аттестациядан өткен 7 мыңнан астам мұғалім 30 пайыздан 50 пайызға дейін қосымша ақы алады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда, «Еңбек» бағдарламасы аясында нарықта сұранысқа ие жұмысшы кадрларды даярлау ұлғайтылды.
Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыстың білім беру жүйесіне мұғалімдердің мәртебесін көтеру, қалалық және ауылдық мектептердің арасындағы білім беру сапасының алшақтығын жою, оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қалыптастыру, оқушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім беру жүйесінің цифрлық трасформациясын қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер жүктеліп отыр.
Облыста 21 мыңнан астам педагог бар. Орта білім беретін педагогтардың 43 пайызы жаңа формат бойынша аттестаттаудан өткен пән мұғалімдері, олар шебер, зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор секілді біліктілік деңгейлерін алғандар. Облыстың білім беру жүйесінде мұғалімдердің беделін арттыру мақсатында материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 2020 жылдан бастап, 2025 жылға дейін ұстаздардың еңбекақысын арттыруға бюджеттен 209 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұдан басқа, 2025 жылға дейін орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік және магистр дәрежесі біліктіліктері барларына 30 па-
йыздан 50 пайызға дейінгі мөлшерде ақы төлеу үшін шамамен 51 миллиард теңге қарастырылады. 2025 жылға дейін облыстағы педагогтардың 85 пайызы шебер, зерттеуші, сарапшы және модератор біліктілік деңгейіне ие болады деп жоспарланған.
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес ауылдық елді мекендерде шәкірт тәрбиелеп жүрген педагогтардың коммуналдық қызметтерін төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту жөнінде облыстық мәслихат шешімі әзірленіп, қабылданатын болады. Соның нәтижесінде 12 мыңнан астам ауыл мұғалімі әлеуметтік қолдауды жыл сайын 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алып отырады. Сонымен бірге, ұстаздық мамандыққа жергілікті өңірдің ерекше құрмет белгісі ретінде арнайы сыйақы мен атақ тағайындау туралы облыстық әкімдіктің қаулысы қабылданбақшы. Онда «Педагогтің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін» құрметті атағын иеленгендерге 800 АЕК және «Педагогтің адал еңбегі үшін» үздік белгісін алғандарға 500 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақылар төленеді.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 76,8 пайызға жеткізу көзделген. Алдағы уақытта қосымша 15 ұйым ашылып, мектепке дейінгі білім берумен 45 мыңнан астам бала қамтылатын болады. 2020-2025 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін шамамен 66 миллиард теңге бағытталады деп жоспарлануда. 2020 жылдың басында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында типтік бағдарлама бо-
йынша балалардың шеберлігі мен дағдыларын дамыту деңгейін анықтау үшін аралық мониторинг жүргізілді. Тексеріс нәтижелері 5-6 жастағы балалардың 82 пайызы жоғары және орташа деңгейін көрсетті. 2025 жылы бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жоспарланған.
Орта білім беруде облыс мектептері 2020-2021 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына толық көшеді. Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру мониторингі үшін 2014 жылдан бастап осы күнге дейін барлық өңірлерден 76 жетекші мектеп анықталған болатын. Жаңа оқу жылының басына қарай олардың саны 95 мектепке дейін көбейеді. Ауыл мектептері оқушыларының білім сапасын арттыру және қала мектептерімен алшақтықты қысқарту үшін облыста 2020 жылдан бас-
тап «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы бастау алды. Бұл жоба ауылдық жерлер мен моноқалаларда орналасқан мектептерді дамытуға бағытталып, онда мектеп тәжірибесін жақсарту, материалдық-техникалық базасын нығайту және педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыру мәселелері көзделген. Бұланды ауданының Макинск қаласындағы №2 мектеп-гимназиясының базасында аталмыш жоба сынақтан өткізілуде. Алдағы уақытта облыстың барлық ауылдық мектептерінде білім беру сапасын және материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар іске асырылады.
Облыстың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 360 мектеп пен 220 балабақшада бейнебақылау жүйесі бар. Оқу жылының басына дейін барлық мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз ету жұмыстары аяқталады. Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, өткізу режимін ұйымдастыру үшін мектептерді турникеттермен жабдықтау кезең-кезеңмен іске аса бастады. Ағымдағы жылы 56 мектепке турникеттер орнату жоспарлануда. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 52 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
2025 жылға қарай облыстың барлық білім беру мекемелерінде ерекше топтарға жататын балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін тиісті жағдайлар жасалатын болады. Бүгінде облыстағы балабақшалардың 53,3 пайызы, ал, мектептердің 76,8 пайызы аталмыш жағдайда білім бере алады. Осы күні өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 10 мыңнан астам бала есепте тұр. 2025 жылға дейін ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту, оңалту және әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасау мақсатында жалпы білім беретін мектептердің жанынан инклюзивті білім беруді қолдаудың 103 кабинеті ашылады.
Бүгінгі таңда Бурабай ауданы мен Көкшетау қаласында 2 инклюзивті білім беру кабинеті ашылды. Инклюзивті білім берудің 2 ресурстық орталығы Целиноград ауданы мен Көкшетау қаласында бар. Сондай-ақ, педагог-дефектолог, логопедтердің ставкаларын енгізу, инклюзивті білім беру бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру жоспарлануда. Және де білім беру ұйымдарында кедергісіз ортаны бейімдеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталады.
Облыс аумағында қатынап оқитын оқушыларды қауіпсіз тасымалдау 2019-2020 оқу жылында 100 пайызға ұйымдастырылды. Ол үшін 170 автокөлік құралы пайдаланылады. Автокөлік қорының амортизациясына байланысты орта есеппен тозған 20-25 автокөлік құралын жаңарту қажет. Ағымдағы жылы 23 автобус сатып алуға 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. 2025 жылға дейін осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.
2020-2025 жылдар аралығында балаларды қосымша білім берумен қамту 67 пайызға жетеді немесе 100 мыңға жуық баланы құрайды. Ол үшін жыл сайын біртіндеп дебаттық, техникалық, театр, экологиялық клубтар, студиялар мен үйірмелер (Аршалы, Ақкөл, Жақсы, Сандықтау және т.б. аудандарда) ашылып жатыр. Биыл облыс орталығында «Болашақ сарайы» ашылады. Сарайды заманауи құрылғылармен, компьютерлік техникамен жабдықтау жоспарлануда. Мұндағы үйірмелер мен спорттық секцияларға 1,3 мың бала қатысады деп күтілуде. Патриоттық тәрбие беру мақсатында мектептерде «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жұлдыз», «Жас Сарбаз», «Адал ұрпақ» балалар қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді. 2020-2025 жылдар аралығында оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында сабақтан тыс уақытта спорт секцияларын ұйымдастыру қарастырылған. Бұл орайда, 58 мыңнан астам бала спорттық үйірмелерге қатысады деп жоспарлануда.
Алдағы үш жылда үш ауысыммен оқытатын 12 мектеп пен апатты жағдайдағы 3 мектептің мәселесі күрделі жөндеу, жаңадан нысан салу және қайта жаңарту есебінен шешілетін болады. Ағымдағы жылдың өзінде Целиноград ауданында 1620 орынды қамтитын 3 мектеп және Көкшетау қаласында 1320 орындық 3 қосымша оқу корпусы іске қосылады, бұл облыстың 6 мектебіндегі үш ауысыммен оқыту мәселесін жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептердің апаттылығын жою мақсатында білім беру нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай ұлғайтылды, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 95 және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 нысан жөндеуден өтеді.
Бүгінде білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Осы күні облыс мектептерінде 8,5 мыңға жуық оқу кабинеттері бар, олардың 3 мыңнан астамы заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған. 2025 жылға дейін оқу кабинеттерінің жабдықталуын 49,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. 1 мыңнан астам кабинетті интерактивті тақталар, интерактивті touch-панельдер, мультимедиялық құралдар, робототехникаға қажетті жабдықтар, хромбуктар сияқты жаңа заманауи техникалармен жабдықтау көзделген. 2020 жылы жергілікті бюджет есебінен мектептерге 1289 компьютер сатып алуға 420 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, 25 робототехника кабинетін жабдықтау жоспарлануда.
Облыста барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру және кезекті қалыптастыру және қызмет ету процесін автоматтандыру» автоматтандырылған мемлекеттік жүйесіне қосылған. Сол сияқты, барлық жалпы білім беретін мектептер «Балаларды мектепке қабылдауды автоматтандыру» автоматтандырылған мемлекеттік жүйесі негізінде, ал, колледждер қашықтықтан білім беру технологияларын қамтитын автоматты жүйе бойынша жұмыс істейді.
Облыста 33 колледж бар. Кадрларды даярлау 94 мамандық және 13 экономика саласының 139 біліктілігі бойынша жүзеге асырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 16 769 теңгеден 21 787 теңгеге дейін 30 пайызға өсті. Ал, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап орта буын мамандықтары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақылары 25 пайызға дейін артты.
2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылып келеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушы студенттерді дуальді оқумен қамту 2020-2025 жылдар аралығында 20-дан 35,5 пайызға дейін артады. Яғни, қазіргі уақытта білім алып жүрген 3277 студент болса, оны 5810-ге дейін жеткізіп, мамандықтар спектрін кеңейту жоспарланған. Бүгінгі таңда облыстың 28 колледжінде дуальді оқыту жүйесі енгізілген.
«Жас маман» жобасы ТжКБ-ға үлкен қолдау көрсетуде, оның шеңберінде облыстың 11 колледжі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылады. Қазіргі уақытта облыстың 5 колледжіне заманауи жабдықтар сатып алынып жатыр. 2025 жылға дейін халықаралық стандарттарды жаңғырту және енгізу нәтижесінде облыстың 11 колледжі тиісті мамандық бойынша, оның ішінде WorldSkills бойынша салалық құзыреттілік орталықтарына айналады. Бұдан басқа, ТжКБ жүйесінде «ТжКБ көшбасшыларының корпусы» жобасы іске қосылады. Жобаның мақсаты – басқару қызметінде көшбасшылық қасиеттері бар ТжКБ ұйымдары басшыларының пулын құру. Жалпы, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша облыста мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласында 3 нысаналы индикаторлар мен 22 көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілуі қажет. Бұл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жоспарланған іс-шараларды қаржыландыруға 469 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталатын болады.

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар