Ақмола облысының индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi аймақтық үйлестiру кеңесiнiң кезектi отырысында өңірлік маңызды жобалар талқыланды. Мәжіліс аудан әкiмдерi орынбасарларының және инвестициялық жобаларды қолға алған кәсiпорын басшыларының қатысуымен бейнеконференция режимiнде өттi.
Үйлестiру кеңесiнiң мүшелері тыңғылықты мониторинг қорытындысы бойынша, Кәсiпкерлiктi қолдаудың өңірлік картасына төмендегі үш инвестициялық жобаны енгізу туралы ұсынысты қолдады:
– Көкшетау қаласында «Deutz-Fahr» тракторларын құрастыру және техникалық қызмет көрсету бойынша кәсiпорын құру;
– Ақмола облысы Бұланды ауданында iшкi алаң инфрақұрылымы бар, өнiмдiлiгi жылына 60000 тонна «бройлер өсiретiн құс фабриканың құрылысының үшінші кезеңі;
– Зерендi ауданында «техникалық алмаз концентратын шығаратын фабриканың құрылысы».
Жоғарыда көрсетiлген инвестициялық жобаларды 2021-2022 жылдары iске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы құны 45,9 миллиард теңгені құрайтын жобаларды жүзеге асыру арқылы 569 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.