Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалыда алға жылжушылық байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Аршалыда алға жылжушылық байқалады

Аршалы ауданында тау-кен өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, астық өндірісі, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып отыр.

Биылғы жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10 миллиард теңгені құрады. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Комсервис Ж.Ж» серіктестігінің құрылыс комбинаты іске қосылмақшы. Ол жылына 1095 мың дана кірпіш, 51,1 мың текше метр бетон шығаратын болады. Кәсіпорында 50 жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Өңірдің ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 5,1 миллиард теңгені құрады. 474 мың гектар жер ауыл шаруашылығына арналса, оның 217,1 мың гектары егіс алқабы, 239,5 мың гектары жайылым жер. Мал шаруашылығында 19,3 мың бас ірі қара, оның ішінде 7,9 мың бас сауын сиыр, 7,5 мың бас жылқы, 23,3 мың қой-ешкі, 1,7 миллион құс бағылады. Үстіміздегі жылдың бес айында 1,5 мың тонна ет, 6,7 мың тонна сүт, 133,4 миллион дана жұмыртқа өндірілген. Бұл өңірде биыл жауын-шашын мол түсіп, шөп жақсы шықты. Қазір аудан пішеншілері қажетті шөп қорын дайындауда қарқынды жұмыс істеуде.
Жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 пайызға азайып, 1,4 мыңды құрап отыр. Ауданға тартылған инвестиция көлемі 4,8 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылғы деңгейдің 57,4 пайызы. Сондай-ақ, құрылыс жұмысының көлемі 865,5 миллион теңгені құрады. 8,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауданда 807 адам жұмыссыз болса, оның 2,8 па-йызы жастар. Экономикалық белсенді тұрғындардың 38,7 пайызын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар құрайды. Орташа еңбекақы 129 мың теңге. Республикалық және облыстық бюджеттің трансферттері мен субвенциясын қосқанда аудан бюджеті 8 миллиард теңге болды. Есептік кезеңдегі қаржыландыру жоспарының 99 пайызы немесе 2,2 миллиард теңге игерілді. Мемлекеттік бюджетке 1,6 миллиард теңге салықтар мен төлемдер түсті. Биылғы жылы әлеуметтік салаға 5,2 миллард теңге, оның ішінде білім саласына 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Ауданда 10 мемлекеттік, 3 жекеменшік балабақша, 16 мемлекеттік, 3 жекеменшік шағын орталық жұмыс істейді. 1-6 жас аралығындағы балалардың 80,7 пайызы, 3-6 жастағы бүлдіршіндердің 100 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Өңірде 28 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. 8 елді мекеннің балалары тасымалданып оқытылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына келетін болсақ, аудан бойынша сумен қамтамасыз ету жүйесінің ұзындығы 428 шақырымды құрайды. Оның 12,9 шақырымы, су тарату жүйесінің 3,5 шақырымы, жылу жүйесінің 0,8 шақырымы жөндеуді қажетсінеді. 32 селолық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Екі елді мекен суды тасымалдап ішеді. Үстіміздегі жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 109,4 миллион теңге бөлінді. Жыл басынан бері өңірде ауыр қылмыстың саны 6,9 есе (жетіден 48 оқиғаға дейін) көбейіпті. Өкінішке орай, оның тек қана 39,5 пайызы ашылыпты. Сондай-ақ, аса ауыр қылмыстың екі оқиғасы әлі ашылмай отыр.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар