Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлерге мың алғыс - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлерге мың алғыс

Елімізде қатерлі індет пайда болғалы көп адамдар сақтанбай, оған онша мән бермедік. Жағдай қиындай түскенде ғана өмірдің тәтті екендігін ұғынғандаймыз. Қарусыз майданның  сарбаздары – медицина қызметкерлеріне қазір алғысым шексіз.

Мен маусым айының соңында ыстығым көтеріліп, ауыра бастадым. Тексерістен өту кезінде екі өкпемнің қабынғаны анықталып, дәрігерлер маған екі жақты пневмания деген диагноз қойды. Содан шілденің 1-і мен 8-і аралығында қалалық аурухананың пульманология бөлімшесіне жаттым.

Аурухананың медициналық қызметкерлері емделіп жатқан әрбір науқасқа жақсы көзқараспен, ерекше мейіріммен қарағандарына риза болдым.  Ауырып жатқанда бір ғана жылы шырай танытып, өмірге деген құлшынысты арттыратын лебіз есту жан жүрегіңді жібітеді екен. Сондағы бізге қызмет еткен медициналық ұжымның екінші бригадасын ерекше атап өткім келеді. Оларға алғысым шексіз.

Мейірбикелер әрбір жарты сағат, бір сағат сайын келіп науқастардың хал-жағдайын сұрап, көңіл-күйімізді көтеріп кетеді. Әрине, қазіргі мынадай індет белең алған уақытта ауруханада жатқанда мені неше түрлі ойлар мазалады. Емделіп жатсақ та, бала-шағамызды, немелерді ойлаймыз. Осындайда біздің көңілімізді аударып, ем-домымызды жасап, қайта-қайта жағдайымызды тексеріп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор. Дәрі-дәрмегіміздің уақытында ішіп тұруымызды бақылап отырды. Тамақтары да жақсы болды. Екі өкпесі бірдей қабынған адамдарға көбіне құнарлы тағамдар ішу керек. Оның барлығына көңіліміз толды.

Отбасымның атынан дәрілерге, әсіресе Ермек Валерьевичке ризашылығымды білдіремін. Дәрігерлердің түсіністіктері мен науқастарға деген қарым-қатынастары, ақ адал ниеттері, өздерінің жұмыстарына жауапкершілікпен қарағандары үшін алғыс айтамын.

Ардақты дәрігерлеріміз, медицина саласының қызметкерлері аман болыңыздар. Ауырмаңыздар. Дәл қазіргі күрделі кезеңдегі сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз, сол үшін үлкен рахмет!

Жерлестеріме, жапы жұртшылыққа «егер өкпелеріңіз қабынса, не болмаса аты жаман індетпен ауырсаңыздар, ең алдымен үрейге берілмеңіздер» дегім келеді. Ауырып қалсаңыз, мұнымен өмір тоқтап қалмайды екен, бастысы көңіл-күйлеріңізді түсірмей, ертеңгі күнге сенім арту керек. Денсаулық сыр бере бастағанда, көңіл күйдің ерекше маңызды екндігін түсіндім. Өздеріңізді оқшаулаңыздар. Осынау қауіпті індетінен аман-сау құтылуға жазсын.

Уәлиден ІЛИЯСОВ,

Көкшетау қаласының тұрғыны.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар