жарға апарып соқтырып жүрмесін
Абай хакім туындыларын оқыған сайын аңғаратыным, өзіңді өткір тілмен, мазмұны терең афоризмге толы тұжырымды дүниелерімен тықыршытып, кең дүниеге сыйғызбай, неше түрлі ойларға жетелеп, мазалайды.
Өміріміздегі, күндегі өтіп жатқан келеңсіз жағдайлар, хал-ахуалдарымыз, болашақ ел тағдыры кесе көлденеңдеп, ұйқы бермей сергелдеңге салады. Таяуда «Қазақ несімен қазақ?» атты мақаламда, біраз жағымсыз қылықтарымыз жөнінде айтқаныммен, қынжыла отырып тағы бір көңіл аударар жайт, елімізде кейбіреулерге көше, мектеп, ауыл аттарын бергенде науқаншылыққа, жиіркенішті жершілдікке, руға, атаға бөліну деген кең етек алып, ұлттығымыздың тұтастығына көлеңке түсіріп бара жатқанымыз, жүрегіңді жаралайды.Өміріміздегі, күндегі өтіп жатқан келеңсіз жағдайлар, хал-ахуалдарымыз, болашақ ел тағдыры кесе көлденеңдеп, ұйқы бермей сергелдеңге салады. Таяуда «Қазақ несімен қазақ?» атты мақаламда, біраз жағымсыз қылықтарымыз жөнінде айтқаныммен, қынжыла отырып тағы бір көңіл аударар жайт, елімізде кейбіреулерге көше, мектеп, ауыл аттарын бергенде науқаншылыққа, жиіркенішті жершілдікке, руға, атаға бөліну деген кең етек алып, ұлттығымыздың тұтастығына көлеңке түсіріп бара жатқанымыз, жүрегіңді жаралайды. Ұрпағымыздың санасына сіңіріп, рухын көтеретін, ұлтшылдығын оятатын мәні зор, ұлтының болашағы үшін, біздер үшін жанын пида құрбан еткен ұлыларымызды әспеттеп, теңдесі жоқ қасиеттеріне бас игізіп аспандатудың орнына, үйкүшік, кәкүр-шүкірлердің атын ұлылармен қатар ататып, жер-жерлерде, сол еліміздің адал перзенттерін шаңның астында бұқтырып тастап жатқандығымыз қынжылтады. Әр ру өкілдері бұрын ешкім естімеген, білмейтін, кейбіреулері қағынан бізген батырларын тауып, жікке бөлініп, олардың атын көше, мектептерге беріп, тапқан-таянғанын рәсуа етіп, тыраштана ескерткіш орнатуда. Ертеде айтпаушы ма еді: «Батырды әр долы қатынның екісінің бірі табады, би-шешенді ілуде шалуы табады» – деп. Сол ру батырларын Абылайханмен, Бөгенбаймен, Қабанбаймен, Кенесары, тағы басқалармен, үш биіміз – Төле, Қазыбек, Әйтекелермен қатарластыруға бола ма?Бөгенбай 26 жыл үш жүздің сарбаздарының қолбасшысы болғаны, оның кіндігінен Тұранәлі, Тұрымбет, Бапан, Саққұлақ атты би-шешендердің шығуы, оны тіпті батыр деп айтудың қалыбына сыймайды. Оның: «Жауыр болған жабыдай, саяқсып жүрген халқым-ай, Руға, жүзге бөлініп, шашырап кеттің тарыдай. Қамшының қысқа сабындай, мерзімі қысқа ғұмыр-ай, Баладай аңқау халқыма, жар бола гөр, уа, құдай! –деуі, ұлылығын аңғартпай ма? Олардың аруағы мәңгілік рухани күшке айналып тұрған жоқ па?Ол заманда, кең байтақ жеріміздің шетіне жау кірді дегенді естісімен, әрбір қазақ рулары дереу, бүгінгі тілмен айтсақ, бір-бір батальондай қарулы азаматтарын жауға қарсы аттандырып отырған. Сол батальон командирлерін, әр ру өз батыры дәрежесіне көтерген. Дұрыс делік. Ал, мына егеменді ел болғанда, бүкіл қазақ халқы болып, ұлы перзентіміз елі үшін еңіреген Сыдық сұлтанды (кейде Садық-Сыздық деп те атайды) (1839-1910) неге құрмет көрсетіп, еске алып, аруағына тағзым етпейміз? Даңғойлана, еліре, желікбастана оны білгіміз де келмейтіндей. Сыдықтың (Садық, Сыздық) не жазығы бар еді? Ол жалғыз ғана қазақ елінің бостандығы үшін күресіп қана қоймай, бүкіл Орта Азия халықтарының, Шығыс Түркістанның бостандығы үшін Ресей империясының әскерлерімен соғысып, жан алып, жан беріскен азаматымыз. Сыдық сұлтанның өжеттігі, қолбасшылығы жөнінде академик В.В. Бартольд (1869-1930) егжей-тегжейлі еңбегінде жазып, әкесі Кенесарыдан артық болмаса, кем болмағандығын әсерлі жазған. Ал, Б.Умирьяев болса, Сыдықтың қайсарлығы Тадеуш Костюшкаға (1746-1817) пара пар, әскери таланты Дж. Гарибальдиға (1807-1882) ұқсайтындығы жөнінде жазады. Осындайда айтпаса, сөздің атасы өледі дегендей, ұлтымыздың ұлы перзенті Сыдық сұлтанды санамыздан өшіріп – ұмыттыру, әкесі Кенесарыға зәулім ескерткіш орнаттық, жер-жерде көше аттарын бердік, «бір басқа бір көз жеткілікті» дегеннің керін келтірген, бақай есепке салынған, сұмпайы түріміз бе?Жастардың ұлттық патриотизмі деген ұғым, білгендерге осындай ұлыларды білгеннен соң туындамай ма? Есімін ешкім білмейтін, естімеген адамның аты-жөні көшелерге берілгенін оқып тұрып: – Бұл кім болды екен? – деген ойға келіп, сол көшеде тұратын әлде біреулерден сұрай қалсаң, – «кім біліпті, әйтеуір аудандағы «заготконторды» басқарған, сонау қиыншылық кезеңдердің өзінде етігін қонышынан басып, ауқатты тұрған адам көрінеді, – деп осынау өңірге нендей жақсылық жасағанын айта алмай, құр езу тартып, күбіжіктеп жымыңдайды. Әрине, мұндай әрекет ұрпағының әулекіленіп, тыраштана жүріп, өзінің ең ардақты аруағына сөз тигізіп, ол сорлыны қабырында да тыныш жатқызбай қорлағаны есіне кіріп те шықпайды. Осындайда, хакім Абайдың: «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» –деуінде көрегендік, ұлылық жатқандай. Ұлттық моральды аяқ асты қылып, азаматтығын тәрк еткен осындай мырқымбайлар отандастарын, ұлтын қалай сыйламақ? Оны айтасың, қазір өзін зиялылар қатарында санап жүрген 130 мыңға жуық оқымысты «ғалымдар» бар. Солардың жүз мыңдайының несімен, нендей жаңалық ашып, қалай ғалым болғандықтарын өзі де, басқалары да мыңғырлап айта алмайды. Осындай кеудемсоқтарға қарап, ғұлама ғалымдар Қ.Сәтпаев, Ә.Марғұлан, М. Әуезов, Е.Бекмаханов, Е.Бөкетовтер тірі болса жер басып жүре алмай, ғалымдық атақтарынан бас тартары сөзсіз болар еді. Осы ойыма негіз, тірі жүрген шынайы ғалымдармен әлде қалай бір сөйлесе қалсаң, мына ми батпақтың ішінде өздерін ғалыммын деп айтуға ауыздары бармай, ұялатын халде. Ана «а-ля» ғалымдарда бет жоқ. Сонда не болғаны, қайтып қалай ел болмақпыз? Ұрпағымыз кімге қарап, бой, ой түземек? Бұл дегенің, әрине, сонау құрдымға кеткен Кеңес заманынан қанымызға сіңірген, тексізден текті жасау үрдісінің, әлі күнге дейін кіндігінің үзілмей келе жатқандығы. Одан әріде, «Дала уәлаятын» басқарған губернатор М.М.Сперанский (1772-1839): «Қазақтарды зорлап шоқындырып, Иванов, Петров қылудың қажеті жоқ, әрі күмәнді. Бұларды ұлтсыздандырудың тура жолы, көптеп орыс мектебін ашып, ұрпақтарын орыс тілінде оқытсақ, өздерінен өзі орыстанады» – деуіндегі көрегендігінде жатса керек. Оған дәлел, таяуда орыстың бір саясаткерінің: «Если человек говорит и думает по-русски, и если его поступки определяются мировозрением, основанном на русской культуре и истории, – это русский человек, часть русского народа», – деуі М.Сперанскийдің ойын айқындай түседі. Содан барып, Ресей империясының қай дәуірде болмасын біздің болмысымызға, әдет-ғұрпымызға, салт-дәстүрімізге, тілімізге, ұлттық қасиеттерімізге, санамызға, әлі де болса қырын қарап, жауыздық жасап келе жатқан ашық та астыртын интервенциясы, бір басылар емес. Бұл күнде «халықтар ассамблеясы» деген жалған шалажансар бірдеңені ойлап тауып, қаузап, жалтақтыққа ұрынып, ұлттық қасиеттерімізді тәрк етіп, басқаларды, әсіресе, орыс диаспораларын басындырып қойғанымыздың тамыры, жоғарыда айтқан дүниелерде жатыр. Егемендік алдық деп жүрген елге, 30 жыл есеңгіреп мәңгүрттеніп жүру қорлық, трагедия. Билік басындағы сүйменжұтқан қазақтар өз қандасы қазағын, аяқ асты басқаларға жығып беріп отырғанда, өзге жұрт, төңірек, қазақты ұлт екен деп қалай сыйламақ? Қазақ ұлтының қара шаңырағына ілтифатпен бас игізе алмаған себепті, құр бос дарақылыққа салынып, көшелерге, мектептерге, ауылдарға, әлде біреулердің атын бергіш болғанымыздан ұлттық санамыз, ұлттық ұстанымымыздың өрге баса қоюы қиындай түсетіндей. Осы орайда, мысалға Алжир халқын алайықшы. Олар егемендігін 1962 жылы алысымен жанұшыртып, келешегін ойлап, намысқа басып, балаларын жаппай өз ана тілінде оқыта бастады. Мектеп тапшылығына қарамастан, күрке, шалаштарда оқытты. Оқу құралдары жетіспесе де, кітаптарды қолдан көшіріп көбейтті. Ақыры, тез арада естерін жиып, араб елдерінің қатарына, еңсесі биік, тең ел болып қосылды. 22 миллион халқы бар алжирліктер француздардан қаймығып, қымсынбай-ақ, өз тілінде сайрап елдігін тірілтіп ала жөнелді. Бала оқытатын шалаш, күркелердің қасында, зәулім, көп қабатты, француз тілінде оқытатын, компьютерге толы, жарқырап, жайнап тұрған мектептер, сол кезде қаңырап бос қалды. Ұлылық, ұлттық намыс деген осы болар. Ал, біз ше? Егемендігімізге отыз жыл болса да, әлі бос белбеулікке салынып, терістіктегі көршіміздің көңіл-күйіне жалтақтай қарап, қоянжүректенудеміз. «Бұға берсең, сұға береді»-нің кері келіп, бұқпантайлай берсек, келе-келе, ұлттық қасиеттеріміздің жұрнағы да қалмайтын түрі бар. Өткен ХХ ғасырдың басында біздерде де алжирліктердей лашықтарда ұрпағымызға ана тілінде білім беріп, жастарымыздың намысын оятқандығымыздан, солардың ішінен жаппай ел қамын ойлайтын ұлтшыл Алаш азаматтары шығып еді. Бұлардың көбінің білімі Еуропа, Ресей университеттерінде әрі қарай ұшталғандықтан, Кеңес үкіметін басқарып отырғандардан артық, әрі сұңғылалық танытқандықтан, қызыл террор қырғынға бұқтырып, Алаш зиялыларының көзін жойып, ойран топырын шығарып, жер аударып, асып, атып, соттап, әрі, қазақ елінің алдындағы малын тартып алып, аштыққа ұрындырып, басын сиретіп, өздеріне қолайлы ел ішіне «арам шөптерді» қаулатып жіберді. Абай хакім айтқандай: – «Адам бір – іші толған боқтың қабындай» дәрежеге жеткізді. Содан бері құмырсқалар құрлы бола алмай қалған халдеміз. Олардың жолдарына кесе-көлденең тұрып қалған жыланның өзін де ынтымағы беріктігінен жабыла кетіп әп-сәтте көзін жойып жібереді ғой. Ал біз ше? Алысқа бармай-ақ қояйық. Семейдің тумасы, шовинист Н.Е. Морозовқа Семей қаласының нақ ортасынан, ойып тұрып бір үлкен көшенің атын бердік. Өзі 17 жыл екі үлкен облысымызды басқарып жүріп, жергілікті қазақтарды өте жек көрген нацист еді. Сол қылығын жасырмай, Семей баспасында шығарған «Горькая правда» кітабында «Казахстан – это надуманное государство», «Азияты – коварный народ» –дейтініне қарамастан, қазақтың зиялы азаматымын деп, көкірек керіп жүрген бір азаматымыз, шімірікпестен, қазақ мемлекетінің заңын белден басып, сол Морозов тірі жүрсе де, қала ортасынан көше атын беріп жіберген. «Заготконторды» басқарған қазаққа көше атын берді деп назаланып жүргенде, мына оспадар, ұр да жық қылығымызды немен, қалай түсіндіруге болар екен. Осынау намыссыздығымызды көз алдыңа елестетсең, сонда біз кімбіз? Оны айтасың, тіпті кәкүр-шүкірленіп, өздерін мәңгілікке аттарын қалдырмақшы мақсатпен, бала-шағаларының аузынан жырып, қалтасындағы азын-аулақ тиын-тебеніне, оншақты жолдас-жораларынан екі-үш беттік мадаққа толы былдыр-батпақ бірдеңелерді жазғызып алып, ішін неше түрлі фотосуреттерге толтырып кітап қылып шығарып жатыр. Содан барып жазушысымақтар көбейіп, бұл күнде олардың саны 800-ден асты. Ал, солардың ішінде, еліне, халқына, ұлтына нағыз жанашыр 10-15-тей ғана жазушы бар. Қалғандары біреулерге арнап өлең, жарапазан жазып, садақа алып, кітаптарын жазып беріп, пайда тауып жүргендер. Сонда бәріміз жаппай осындай қылықтарға көшсек, елімізді қалай көркейтпекпіз, алға бастырмақпыз? «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» – деп Абай хакім айтып кеткендей кем-кетігіміз бастан асады. Ұлт болып, елдігімізді сақтап, әрі қарай дамыту үшін іргеміздің мықты берік болуы шарт. Сонда деймін-ау іргелі ел болуымызға, кетік жерлеріне опасыз, қу, жан-жағын жалмаушы обырлар қаланып жатқанда болашағымыз не болмақ? Өзіміздің көмескіленіп жоғалып бара жатқан ұлттық қасиетімізді, рухымызды қалай ғана көтермекпіз? Айналаң қара ниетті сүймен жұтқандардан аяқ басып жүре алмайсың. Оның үстіне терістікте орыс шовинистері «орыс әлемі» деген былдыр бірдеңелерін бармақтан сорып тауып, қоқан-лоқыға салынып, қопаңдап біздерге қыр көрсетуде. Олардың өркөкірек кеудемсоқтығымен, әсіресілтеген әумесерлігіне қарсы тұрар ел басшылары шықпай тұр. Көбінде табанының мөрі жоқ, тайғақ, мәймөңкелік, намыссыздық, ездік. Бұрын да, қазір де Ресей империясы тойымсыз ынсапсыздықтан, жаулап алған қыруар, ұлан-байтақ, кенге бай жерлерінде адам сияқты өмір сүре алмай ұрлық-қарлықпен жүріп, біздерге, айналасына ашкөздене обырлық танытып, берекесіздікке салынып, көз алартуын қояр емес. Бізді тынышсыздандырып абыржытуда. Мына жаңарған заманда, Молдованың, Грузияның, Украинаның біраз жерлерін тартып алғандығын місе тұтпай, қазақ жеріне, Белоруссияға, жамандықпен көзін ашқандықтарын білдіріп ауыз салмақшы. Бұл не деген тойымсыз араны ашылған, ұр да жық, әпербақан қарақшылық десеңізші. Осы орайда, тарихқа үңілер болсақ, 94 жасқа келген, Дүниежүзі интеллектуалдарының бірі, ғұлама Г. Киссинджердің «Дипломатия» атты үлкен еңбегінде: – «По мере распространения России от территории вокруг Москвы в направлении центра Европы, к берегам Тихого океана и в сторону Средней Азии, ее стремление обезопасить себя превратилось в экспансию ради экспансии. Русский историк Василий Ключевский (1841-1911) так описывает этот процесс: …эти войны, оборонительные по своему происхождению, незаметно и непреднамеренно для московских политиков превратились в войны захватнические-прямое продолжение объединительной политики прежней (доромановской) династии, борьбы за русскую землю, которая раньше никогда не принадлежала Государству Московскому…»…. к 1894 году безопасность и непрерывная экспансия стали синонимами, Канцлер (князь) Александр Горчаков (1798-1883) объяснял русскую экспансию в Средней Азии постоянной обязанностью усмирять периферию, которой не очен-то хотелось «усмиряться». … Поэтому государство должно сделать выбор: либо отказаться от столь продолжительных усилий и обречь собственные границы на постоянное перемещение… либо продвигаться всё дальше и дальше в глубь диких земель… постоянно сталкиваясь с величайшей трудностью остановиться… Многие из истрориков припомнили эту цитату, когда Советский Союз вторгся в Афганистан в 1979 году…… Россия продолжала отожествлять свой статус великой державы с территориальной экспансией; она с жадностью пожирала все больше и больше земель, которые ей не были нужны и которые она не могла переварить…… Некоторые из русских руководителей, например А. Горчаков, были достаточно мудры, чтобы осознать, что для России «расширение территории есть ресширение слабости», но подобная точка зрения не способна пока умерить российскую манию новых завоевании. В итоге коммунистическая империя развалилась по тем же причинам, что и царская… дегені бар еді. Г. Киссинджердің бұл айтқанына қосымша, Дм. Верхотуровтың «Покорение Сибири, мифы и реальность» деген еңбегінде: «… До чего же тупым, безалаберным, неэффективным было это покорение. Как Московской бюрократией упускались все прорывные возможности, сводились на нет победы завоевания иницативных русских людей. Как даже политическая подлость и вероломство «покорителей» в итоге не приносили никаких политических и экономических выгод… … Как лишнее напоминание о том, что Москва способна превратить в дерьмо всё, к чему прикасается. И кровь, и пушнину, и лес, и золото, и доблесть, и труд (профессор П.М. Хомяков).Бұдан 350 жыл бұрын славян халқының шынайы жанашыры Юрий Крыжанич «Политика» атты трактат жазып, ол трактаты мәскеуліктердің, сол кезде, қолынан түспей, біраз даурықтырған болатын. Осынау трактатында орыстардың бар кемшіліктерін қинала отырып тізіп жазған. Оған шамданған патша Ю. Крыжаничты жер аударатыны бар. Ю. Крыжаничтың еңбегінен үзінді, орыстың тарихшысы С.М.Соловьевтың (1820-1879) еңбегінде бар Онда, … «от огня, воды, железа умирают многие люди, но, без них жить нельзя; точно также и мудрость потребна людям…… Русские сами себе не хотят добра сделать, если не будут принуждены к тому силою…… причина малолюдства – жестокое правление… Неумение изъясняться, лень, пьянство и расточительность – главные наши природные свойства; от расточительности происходит жестокость относительно подчиненных. У нас нет природной бодрости, благородной гордости, одушевления, не умеем держать себя с достоинством. Великое наше народное несчастье – это неумеренность во власти; не умеют наши люди ни в чем меры держать ни могут средним путем ходить, но все по окраинам и пропастьям блуждают. То у нас правительство вконец распущено, господствует своеволие, безнарядье, то уже чересчур твердо, строго и свирепо. Во всем свете нет такого безнарядного и распутного государства как польское и нет такого крутого правительства как в России.Расплодилось в русском народе примерзкие нравы, так что пред другими народами русские являются обманчивыми, неверными, склонными к воровству, убийству, не учтивыми в беседе, нечистоплотными. А от чего все это происходит? От того, что всякое место наполнено кабаками, заставами, откупщиками, целовальниками, выемщиками, тайными доносчиками»… дейді. Құдайым-ау, Ресей, өзінің бүгінгі қыруар жаулап алған жерлерінде отырып, аз ғана 140 миллиондай халқын асырай алмай отырғаны жоғарыда айтқанға сәйкес келмей ме? Шведтердің зиялы азаматтары: – Карл ХІІ (1682-1718) Полтава түбінде орыстардан жеңілгені игілік болды. Әйтпесе, біздерде де, империя құрылып, Ресей империясының халқы сияқты бүгінге дейін жоқшылықта, қайыршылықта ғұмыр кешер едікдеуі, шындыққа жанасатындай. Еске түсіп отыр, 1930 жылдары қазақтардың малын тартып алғандығынан, олар қынадай қырылып жатқанда, И. Сталин мен В.Молотов 1932 жылы 8 қарашада: «ЦК и Совнарком предупреждают вас, что в случае, если в кратчайший срок не будет организован в республике действительный перелом в хлебосдаче, они будут вынуждены прибегнуть к мерам репрессии»-деп, жеделхат жіберетіні бар. Содан бері деймін-ау, осы уақытқа дейін бұлардың өмірінде, мына ХХІ ғасырдың өзінде несі өзгерді? Сол баяғы озбырлық, арам пиғылдық, жүгенсіздік, надандық. «Наданға ерсең қараңғы көр боларсың» деген осы болар. Бұны орыстанып бара жатқан қазақтар білсін дегенім ғой. Әрі орыстарға еліктегіш, ағайындарым түсінер, айылын тартар, ұлтына мойын бұрар деген мақсаттамын. Петр І заманында Ресей империясы болып атанғанда-ақ шовинизмнің ұрығы жайыла бастаған. В.Путин сол ұрықтан өрбіп, өз елін басқара алмағандығын мойындағысы келмей, өзінің қара басы үшін елін дүрліктіріп, шовинизмді әрі қарай табанды түрде қоздырып, «Орыс әлемі» («Русский мир») дегенді ойлап тапты, ол туралы алдында жазғанмын. Бұлардың өмірінде бәтуа, иман, ар-ұят деген болмай тұр. Осы орайда, «Беда стара, как мир, но зная это мы всё там же» – деді бір орыс досым. Осыдан артық не айтуға болар екен. Ата-бабаларымыз «Көрші қақысы – Тәңір қақысы» деген қағидамен, сонау, көне, Алтын Орда заманында, орыстардың өзара қырқысып, бірін-бірі өлтіріп, азып-тозып-өшіп бара жатқан жерінен, олардың басын біріктіріп, сыртқы жаулардан дінін, жерін қорғап, ел қатарына қосып еді. Содан есін жиып, бертін келе «жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпастың» керін келтіріп, соңғы үш ғасырдан бері біздерге тізесін батырып, қыр көрсете, көзін алартып, аузын ақсита, ауыз салуын, мына ХХІ ғасыр болды, қояр емес…Елім-ау! Ұлтым-ау! Ұлылығыңды қайтейін, «жауды аяған жаралы» – деген ұғымды ұрпағың басынан кешіп жатса! «Кедейдің күні, кіжінумен өтедінің» кейпіндемін. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап» – деп, Абай хакім айтқандай, ұлттық ұлы қасиеттерімізге берік болайық. Анаған көше аты, мынаған мектеп аты берілмеді, қала аты аталмады, ескерткіш орнатылмады деген құр желөкпелікке салынбай, тектілігімізді жаңғырту, намысымызды ояту парыз болмақ. Ал, сол аталас, талас рушылдықтың кесірінен, еліне жаны ашымаған адамдарға орнатылған ескерткіштерден, қарап тұрсаң, жылылықты, мейірімділікті сезінбейсің, қайта суық, ызғар аңғарылады. Бос атақ, бос дәреже ешкімге опа бермей, тамақтың иісіне ақшаның сылдыры іспеттес. Саралап келгенде, осынау тыраштықтың бәрі көбінің өлімнен қорыққандығынан болса керек. Дүниеде шынайы өлмеймін десең артыңа тәрбиелі ұрпақ, әрі жүрген ортаңа нұрлы, сәуле түсіретін іс атқарып, халқыңа адал қызмет атқарып кет. Адамның нағыз мәңгілігі осы. Халқымыз: «Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін»-атты қағидасында ғұламалық ой жатыр. Осынау ой, философ Фейербахтың еңбегінде де кездеседі. Ұрпағың көп болса, сенің бұл өмірге қайтып оралуың ақиқат. Римнің атақты көне ойшылы Сенекадан: «Адам өлген соң қайда барады?-деген біреудің сауалына: «Қайта тірілуі үшін кезекке тұрады»-деуінде, бүгінгі генетиктер де таң қалатын ғажап тұжырым аңғарылады. Халқыңа адал қызмет атқармасаң, ұрпағың өспесе, даңғазалыққа салынып, әр жерге атыңды бергізгеннен ештеңе шықпайды, опа бермейді. Оның үстіне, ортақ қорымда жатқан, тірісінде еліне атқарған жақсылығы байқалмаған аруақтардың басына зәулім ескерткіштер, ғимарат салу, сол жатқан жері жарық болғыр аруақтар, ой-санаңды рухтандыра алмай, ізет, құрмет туғызбайды, қастерлетпейді. Себебі, олардың қайта өмірде істеген қиянаттарын еске түсіртіп, ұрпақтарын ұятқа батырады. Есте жүретін жайт, дүниеде таза мінез, қайырлы іс жиып қайтқанда – ахиретке бірге баратын дәулет екенін білген жөн. Жалпы жер басып жүрген адамға әсіресілтеушілікке, астамшылыққа барып тәкаппарлану жақсылықтың нышаны болмаса керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. тірісінде, өзінің бет-пердесін, суретін ешкімге салуға рұқсат бермеген көрінеді. Бұл күндері әр жерде кезігіп қалатын Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарымыздың бейнесі деп жүргеніміз уақытында әлде біреулердің айтуымен салынған (Словестный портрет) деп білгеніміз жөн. Шындығында, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. орта бойлы, ақ жүзді, жирен сақалды, қара шашты, қыр мұрынды, қабағы қою, көркем жүзді, жауырынды, сөйлесе сөзі балдай тәтті болғанға саяды.Пайғамбарымыз өзін әспеттетпеуі, ертең жер-жерде оған тасқа қашап зәулім ескерткіш орнатып, үйлерінде суретін іліп, ол бейнеге тағзым жасап, бастарын иіп – ла иллаһа иллаллаһу – Алланың Құдірет, күш-қуатын, шарапаты мен шапағатын түсінуіне кесірін тигізеді, ұмыттырады деп, қарсы болған. Қандай ұлылық, имандылық, қарапайымдылық, рухани күш, жарасымдылық, гармония, даналық, пайғамбарлық! Сонда деймін-ау, бүгінгі біздің мұсылманмын деп жүрген пысықай плебейлердің қылықтарына не жорық? Мәдениетімізден, адамгершілік қасиетімізден, ұлылығымыздан, ділімізден жұрдай, Абай хакім айтқандай: «бас басымызға би болған өңкей қиқым», дарақы, дүмбілез, дүдамал, әулекі, есерсоқ әумесер, есірік, тыраш, тыртақ, тыртаң, бөспе, бетсіз, босбелбеу, бөспебай, есуас, ессіз, есерсоқ, алаңғасар, көпірме, өтірікші, шалағай, мақтанқұмар, мақтаншақ болғанда, кім болдық? Тоқтау айтар, жөн сілтер, бәтуаластыратын, елдігіміздің іргесін нығайтатын, былық-шылықтан айырып, қазақы философиядағы ұлы гармониялы ұлылығымызды қалпына келтіретін қазақ табылса, қанеки!Түрікшілдіктің негізін қалаған Зия Көкалып (1876-1924): – «Егер түріктерді, түрікшілдік мұраты аясында біріктіріп, үлкен құлдырау қаупінен құтқара білетін ұлы данышпан тумаса, түрікшілдікке байланысты бүкіл іс-әрекет нәтижесіз қалмақшы еді. Құдайға шүкір, бүгін, бүкіл әлем Ғази Мұстафа Кемәл паша есімін қасиеттеп, әр сәтте құрметпен еске алады. Бұрын Түркияда түрік халқының ешқандай маңызды орны жоқ еді. Бүгін бар құқық – түріктікі. Түрік жеріндегі бүкіл билік – түріктерде. Саясатта, мәдениетте, экономикада билік – түріктерде. Осындай мықты да үлкен түрікшілдікті жүзеге асырған адам – Кемәл Ататүрік. Ол түрікшілдіктің ең ұлы қайраткері. Өйткені, қиялдап ойлау мен насихаттап айту – оңай. Ал, ол қиялды жүзеге асыру және табысты нәтижеге жеткізу, әсіресе қиын» – дейді.Ал, біз болсақ, өз қолымыз өз аузымызға жетті деп даурыққанамызға отыз жылдың жүзі болса да, әлі ес жия алмай, ел жетекшіміздің жоқтығынан, қазақи ортақ тәрбие аясында өсіп, жетіле алмай пүшайман дегенерат хал кешіп, кім көрінгенге жем болып, келешегіміз бұлыңғырланып, бақытсыздыққа ұрынатын түріміз бар. Рухымызды асқақтатып, намысымызды оятатын ортақ түйсік, ұлы гармония үйлесім тұтастығын орната алмай келеміз. Ең алдымен экономика, содан кейін басқасы деп экономиканы паровоздың алдына қойып жетіскеніміз де шамалы. Есесіне ұлттық мұратымызды аяқ асты қылып, іргелілеу, өркендеу, қиял болып барады. Бұқар жыраудың (1668-1781):Аталыдан би қойсаң,Адаспас жол мен жобадан.Атасыздан би қойсаң,Босамас аузы парадан, – дегені келгендей.Арамдық кірген қоғамда қандай береке болмақшы?Малдан айырмашылығымыз түйсік пен тіліміз еді. Сол адами қасиеттерден айырылып барамыз. Бұл дегенің, ел тағдырын, ел қамын ойлап, басын бәйгеге тігетін, ел билеп жүргендердің ортасынан, ұлт азаматының жұлынып шықпауының зардабы. «Топтан қалған қазды, топтанған қарға жейді» – дегенге ұрынатын түріміз бар. … Арқада Бурабайдай жер болмайды,Алашта Кенекеңдей ер болмайды!Кене арыстан мезгілсіз мерт болды ғой,Алашқа бұдан да зор сор болмайды.Ел азды, арқа тозды, қайғы басты…Күңіреніп біздей бейбақ жыр толғайды!Құдай-ау, мәңгілікке қарғамасаң,Кенедей енді неге ұл тумайды?Кене жоқ, ізін басқан іні де жоқ,Дариға, жүрегімді дерт улайды!(М. Жұмабаев)Ойға ой қосайық ағайын!..
Қасым ТӘУКЕНОВ,
Мемлекет және қоғам қайраткері, Ақмола облысының құрметті азаматы