Облыс орталығында 14 шілдеден бастап, COVID-19 баспасөз орталығы іске қосылды.
Орталық өңірде коронавирус жұқпасын емдеу мен алдын алу үшін атқарылып жатқан шаралар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен бірге, орталықтың негізгі міндеттерінің бірі бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара байланыс жасау.
Баспасөз орталығы жанынан 109 Call-centre де ашылып, онда коронавирус жұқпасы, амбулаторлық емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауруханаға жатқызу, жедел жәрдем қызметі және психологиялық көмек секілді мәселелермен хабарласқан тұрғындарға мамандар тегін кеңес береді. Call-centre күн сайын таңертеңгі 9.00-ден кешкі 21.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Сонымен бірге, қазір емханаларда дәрігерлердің онлайн консультациялары да жүріп жатыр.
Пандемияға қатысты өңірдегі ахуал бойынша туындайтын сауалдарыңыз болса, 8(7162) 50-70-61 нөміріне хабарласыңыздар.
Әлеуметтік желілерде орталықтың арнайы парақшалары бар.
Ы.ШАМШИЕВА.