Салтанатты шараға аудан әкiмi Абай Әлжанов пен аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмiрханов қатысты.
Уақыт талабындағы «Бiрегей диалог алаңы» ендігі жерде жергiлiктi тұрғындардың әртүрлі мекемелердің табалдырығын тоздырмай, тиісті мамандардың кеңестерiн, бiлiм беру, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар бойынша орталықтандырылған мемлекеттiк қызметтер алуға мүмкiндiк бередi.
–Бүгiн Ерейментау ауданының әкiмдiгi «Сервистiк» жұмыс форматына көштi. Естерiңiзге сала кетейiк, бұл жұмыс мемлекет пен қоғамның өзара iс-қимылын нығайту, сондай-ақ азаматтар тарапынан мемлекеттiк аппаратқа деген сенiмдi арттыру мақсатында жүргiзiлуде. Барлық мемлекеттiк органдардың қызметi қол жетiмдiлiк, ашықтық және жариялылық қағидаттарына негiзделуi тиiс. Тек осылай ғана бiз ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Халық үнiне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыра аламыз»,-деп атап өттi Бақытжан Әмiрханов жұртшылықты құттытау барысында.