Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкер ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкер ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты

Ерейментау аудандық ауруханасына тағы бір оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл өкпені жасанды желдету аппаратын медициналық мекемеге қайырымды кәсіпкер, Сарыадыр көмір разрезінің «Угольный ресурс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Азамат Қапашев сыйға тартты.  

Енді алдағы уақытта аудан әкімі Абай Әлжановтың қолғабыс етуімен аудандық ауруханаға тағы бірнеше оттегі концентраторын әкелу жоспарланып отыр. Аурухананың бас дәрігері Марал Сүлейменова құнды аппараттары сыйға тартып, осылайша дәрігерлерге коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге қол ұшын бергені үшін кәсіпкерге барша аурухана ұжымының атынан алғысын айта келе, алдағы уақытта бұл құрал-жабдықтар өкпенің созылмалы ауруы бар науқастарға терапия үшін қолданылатынына сенім білдірді.

Оттегі концентраторы өкпе ауруларын емдеу кезінде сығылған оттегіге қауіпсіз балама болып табылады. Аппарат оттегіні науқасқа 90-95 пайыз жоғары концентрацияда жеткізеді. Ал, ауада оттегінің құрамы тек 20 пайызды ғана құрайды.

Жомарт жан Азамат Қапашев басқаратын «»Уголньный ресурс» серіктестігі 2019 жылдан бері Ерейментау ауданындағы Сарыадыр кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жетекші орында келеді. Оған дейін Сарыадыр көмір разрезінің өндірістік жұмысы төрт жылдай тоқтап тұрған болатын. Серіктестік үстіміздегі жылдың мамырында Сарыадыр көмір разрезінің жұмысын жандандырды. Қазіргі таңда ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, әкімшілік ғимараттың және темір жолдың құрылысы, қажетті инфрақұрылымды жеткізу, жол, асхана салу секілді жұмыстар. Кен орнында үстіміздегі жылы 200 жаңа жұмыс орны ашылып, 500 мың тонна көмір өндіріледі  деп күтілуде.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар