Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрі-дәрмек дәріханаларға жеткізілуде - АРҚА АЖАРЫ

Дәрі-дәрмек дәріханаларға жеткізілуде

Облысқа коронавирус індетімен күреске арналған тапшы дәрі-дәрмектің 22 түрі жеткізіле бастады.  Фармацевтикалық өнімдер дәріханаларға «Аманат» және  «Арша» қоймалары, сондай-ақ, Степногорск қаласына «Фармакон» серіктестігінің дәрі-дәрмек сақтау нысандары арқылы үлестіріледі.  

Дәрі-дәрмек облыс орталығына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды мен Қостанай қалаларынан тасымалданады.  Қазірдің өзінде нарық тұрақтанып, дәрі-тапшылығы бәсеңдеген.

–Біз өңір дәріханаларындағы дәрі-дәрмек қорын, бағаның талапқа сай болуын күнделікті тексеріп отырамыз. Кеше Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен облыста тапшы дәрі-дәрмек жеткізілді. Ыстық түсіретін дәрілер, антибиотик, вирусқа қарсы препараттар бар. Сонымен қатар «Нобель» фирмасының Нұр-Сұлтан қаласындағы дистрибьютері де жуық арада дәрі жеткізеді. Бағаны негізсіз көтерген 6 дерек анықталды. Прокуратура, экономикалық тергеу органдарының жұмысы негізінде бұл тұлғалар жауапқа тартылады, деді облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Ақмола облысында 352 дәріхана бар. Оның 107-сі Көкшетау қаласында. Фармацевт мамандар онлайн қабылдау салдарынан дәрігерлер ұсынған рецептердің талапқа сай болмауына, мөр мен қолтаңбаның қойылмауына алаңдаушылық білдіруде екен. Әрбір дәрінің кері әсері де болады. Сол себепті6 препаратты медицина маманы тағайындауы тиіс.

–Біз тұрғындарға ел аумағында жекелеген дәрі түрлерінің тапшылығы туындағанын түсіндіріп жатырмыз. Көп адамдар дәріханаға дәрі түскенде ауырмаса да көптеп сатып алып жатыр. Бұл дәрілер сау адамның  үйінде жай сақталып тұрғанда, өзге науқасқа жетпей қалуы мүмкін.  Сондықтан, негізсіз үрейленіп, бір алғанда көп мөлшерде әкету дұрыс емес. Біреулер мұны дұрыс қабылдаса, енді, бір сатып алушыларымыз келіспей жатады, – деді фармацевт маман Жұлдыз Үсенова.

Парацетамол мен аспириннің жүздеген баламасы бар. Оны қарапайым тұрғындар біле бермейді. Айнагүл Мусинаның мәлімдеуінше, ол фармацевтер мен дәрігерлерге тапшы дәрі-дәрмектердің баламаларын ұсынуды міндеттепті. Мысалы, жұрт сабыла іздейтін Цефтриакцонның – Цефамед, Ксон, Цеф 3, Сертоцеф тәрізді баламалары бар екен. Өндіруші ел мен құрамына байланысты  бұл дәрілердің құны 200 теңгеден бастап, 2100 теңгеге дейін барады. Ал, антибиотик құралдарын дәрігердің рецептінсіз алуға және ішуге болмайды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар