Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан алыпсатарлар жазалануда - АРҚА АЖАРЫ

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан алыпсатарлар жазалануда

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектерді көптеп сатып алып, оны бизнеске айналдырған өңірлердегі алыпсатарларды анықтап, оларға шара қолдануға тапсырма берген болатын. Осы орайда, облыстық прокуратура мүдделі органдардың өкілдерінен арнайы топ құрып, алыпсатарлықпен күрес жұмыстарын бастады.

Прокуратура қызметкерлері полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер мен фармацевтикалық бақылау департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп, алыпсатарлықтың жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Күн сайын бұл жұмыс тобы адамдарға аса қажетті дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізіп, бағаны көтеру немесе алыпсатарлық фактілері анықталғанда, кінәлілерді  жауапкершілікке тартуда. Кеше, 16 шілдеде осындай 20 оқиға тіркелді. Олардың 8-і заңсыз сату фактісі болса, 12-сі бағаны көтеріп сату оқиғасы. Бұл күні болған тексерістер нәтижесінде сатылымнан 35 атаулы 740 бума медициналық препараттар тәркіленді.

Шортанды ауданындағы бір дәріханада «Аспирин-Кардио» дәрісінің негізгі шекті бағасы 1383 теңге болса, 1915 теңгеден сатылған.  Тексеріс барысында анықталған фактілер нәтижесінде 4 қылмыстық іс тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 214 бабы бойынша, яғни заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін және 16 материал фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналасы саласының  ережелерін бұзғаны, тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпей кәсіпкерлікпен және басқа да қызметтермен айналысқаны үшін  қозғалып, атқарушы органдар мен соттарға кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартуға жолданды.

Егер дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасын көтеріп сату, тағы да басқа фактілерді анықтайтын болсаңыздар, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 8 771 083 74 29 нөміріне, облыстық прокуратураға  25-48-94 нөмірі бойынша хабарласуларыңызға болады.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар