Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа такси паркі ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа такси паркі ашылды

 

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау автобус паркі» серіктестігі ашқан жаңа  «Taxi Alem» такси паркінің тұсаукесер шарасына қатысып, қала тұрғындары мен ұжымды осынау қуанышпен құттықтады.

Жаңа такси паркінің ашылуы жылдан жылға тұрғындарының саны өсіп келе жатқан Көкшетау қаласының жолаушы тасымалы мәселесін оңтайлы шешуге игі ықпалын тигізетіні анық. Қазір облыс орталығындағы такси қызметін жеке меншік көлік иелері атқарады. «Көкшетау автобус паркі» ашқан жаңа такси паркі такси қызметінің ауқымын кеңейтіп қана қоймай, бәсекелестік арқылы қызмет бағасының дұрысталуына да игі ықпалын тигізеді деген үміт бар.

Облыс әкімі такси паркінің ашылуына  бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбегенін, тек жаңа бастамаға қолдау көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ, көліктің газбен жүретіні қаланың экологиялық тазалығына өз септігін тигізетінін, такси паркі жолаушы тасымалы қызметінің сапасын арттыруға да игі ықпал жасайтынын атап өтті.

Жобаны жүзеге асырған серіктестіктің  басшысы Әсия Шәрімованың айтуынша,  «Халық банкінен» алған несие арқылы  Өскемен қаласында құрастырылған «Лада гранта» маркалы 30 жеңіл автокөлігін сатып алыпты. Такси паркі үшін жаңа ғимарат салынған. Барлық талаптарға жауап беретін кешенде такси паркінің кеңсесі, көлік жуу орны мен 100 жеңіл көлікке шақталған бокс орналасқан. Көліктерге газ қондырғылары мен «Яндекс» жүйесі орнатылған. Такси паркі қаладағы жылдан жылға өсіп келе жатқан жолаушы тасымалы қызметіне деген сұранысты қанағаттандыруға айтарлықтай ықпалын тигізбек. Дистпечер мен кезекші механик тәулік бойы жұмыс істейді. Паркке тек тәжірибелі жүргізушілер іріктеліп алынуда.

Рамазан ТІЛЕУОВ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар